0 дауыс
14.6k көрілді
Соңғы кездері ауыр зат көтергенде мойыным, иығым мен сол жақ жауырыным ауырып жүр. Қалай емдеуге болады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Арқаның ашып ауыруы


Ел арасында «жауырыным ауырады», «желкем тартылады» дейтіндер көп. Шынын айтқанда, мұндай сырқаттар соңғы кездері жастарды да айналдыра бастаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінде әлем халқының 80 пайызы осындай ауру түрлерінен зардап шегеді делінген. Төрт адамның үшеуінде кездесетін бұл кесел неден туады? Онымен қалай күресу керек? Енді осы жайына тоқталайық.
Жалпы, арқасы ашып ауыру, жауырыны тартылу, желкесі құрысу сынды арқаға тән аурудың пайда болу себептері өте көп. Оның негізі қимыл-қозғалыс-тың аздығынан, яғни кеңседе бір орында тапжылмай ұзақ уақыт отырудан туындайды.
Кейбіреуде оған ауыр жүк көтеру себеп болуы мүмкін. Әйелдер-ді көбіне биік өкшелі киім кию осы дертке шалдықтырса, көп жағдайда бұл ауру оқыс
қимыл жасау, омырт-қаның зақымдануы, жауырын мен белге сал-қын тигізу, бұлшық ет пен омыртқа жотасы-на салмақ түсіру сынды жайттардан бастау алады екен. Мұндай арқа ауруларына көбіне 30-50 жас шамасындағы адамдар шалдығатыны белгілі болып отыр.

Арқа аурулары адамда елеусіз басталады. Біртіндеп жауырынның ашуы үдеп, ол желкенің тартылуына, одан бас-тың қысып ауруына жол ашады. Мұндайда адам-ның сіркесі көтермей, ашуланшақ болады. Өйткені арқа аурулары неврологиялық дертке жатады. Ол біртіндеп адамның белін, басын, аяғын, қолын, бүйре-гін, өзге де ішкі ағзала-рын ауруға ұшыратуы мүмкін.

Жас шағында кез-келген адамда қозғалыс көп болады, бала кезден есейгенше тыным таппай жүретін жандар мұндай дертті сезінбей-ді де. Ал отыздан кейін қимыл-қозғалыс азая бастайды. Сонда адамда арқа аурулары басталады. Өйткені күн-
діз кеңседегі отырықшы жұмыс, кешке теледи-дар мен компьютер ал-дынан шықпау сынды жайлардан зардап ше-геді. Одан омыртқаға күш түседі де, ішіндегі жұлын қысылады. Содан адам денесіне тарайтын қан әлсірейді де, ішкі ағза мүшелері зардап шеге бастайды. Осы себептерге байланысты арқа ауруларын елемеуге болмайды.
Егер сізде жоғарыда айтылған ауру белгілері басталса не істеу керек? Ең бірінші, дұрыс отыруды үйренген жөн. Кеңседе, теледидар, компьютер алдында отырғанда еңсені тік ұста-ңыз, омыртқаның қисаюына жол беруге болмайды. Ара-арасында
иықтарыңызды қозғалысқа келтіріп, қимыл-дап қойғаңыңыз дұрыс.
Жүргенде де бүкірей-мей, иықтарды тең ұс-тауға мән беру керек.
Ал таңертең, оған үл-гере алмасаңыз жатты-ғуды кешке қарай жа-саңыз. Бұл  жерде мәсе-ле омыртқаның жатты-ғуына қатысты болған-дықтан оны тек таңер-тең жасау керек деген қатаң қағида жоқ. Сон-дықтан күндіз де жат-тыға беруге болады.
Медицинада бұл ауруды қалай емдейді? Невропотологтар бұл сырқатты емдеуде түрлі әдіс-тәсілдер қолдана-ды. Ол сырқаттың жеңіл не ауыр болуына байланысты. Көбіне трак-циялық массаж, физотерапия, арқаны қыз-дыру, тағы да басқа ем-
шаралар жасалады.
Дәрігерлер желке-нің тартылып, арқаның ашып ауруын елеусіз қалдыруға болмайды
дейді. Себебі ауру аяқ-қа түссе, мұның соңы адамның сал болып қа-луына әкелуі мүмкін. Сол себепті қалайда уақыт тауып, дәрігер-ге қаралған жөн.
Арқа ауырмау үшін не істеуге болады?
1. Басыңызға үнемі аласа жастық жастаңыз.
Ол омыртқаның қисаю-
ына жол бермейді, бас-
қа баратын тамырды та-
рылтпайды.
2. Төсегіңіз қатты болсын.
3. Ауыр зат көтер-меңіз.
4. Отырғанда да, тұрғанда да омыртқа жотасын тік ұстауға әдеттеніңіз.
5. Басты еңкейтпей, түзу ұстап жүру керек.
Осы бес қағида ауру-ды болдырмаудың ал-
тын амалы саналады.
Сондықтан бұл ереже-
ні қатаң сақтауға ты-
рысыңыз. Ал арқаңыз ашып, желкеңіз тарты-
лып ауырса невропо-тологқа көрініңіз. Де-ніңіз сау болсын!
жауабыңызға көп рахмет ;)
+3 дауыс
Жауырыныңыз ауырса, жауырынға тұз жиналады дейді ғой, мүмкін содан шығар. Жаурыныңыз ашып, ине тығып алғадай ауыра ма? солай ауырса,  кәдімгі жейтін медті (бал) ауырған жеріңізге жағып, жапалақтап ұрыныз, бірақ ұр дегенде "мә саған" деп жіберіп қалманыз өте қатты ауырады, ақырындап жәймендеп 10- 15 минуттай жасасаңыз ауырғаны басылады, егер тұз жиналған болса, массаждан кейін ірі ірі тұздар шығады*)
жауабыңызға үлкен рахмет ;)
Оқасы жоқ, сауығып кетіңіз!
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...