Жұбайға жұбын жазбау керек екен. Бір-бірін сезінеді неге бөтен? Қызғанбаса күйеуі өз әйелін, Қызығын оның біреу көреді екен. Іріткіден ізгі бір із қалмайды, "Махаббатта шек жоқ"-деп бізді алдайды. Жандылардан тек еркек шошқа ған, Өзінің ұрғашысын қызғанбайды. Жігіттер үйде жарың-асылың бар, Асылыңды сырт көзден жасырыңдар. Ашық қалған алтынды кім ұрламас? Жабуға жар әуретін асығыңдар. Сорлы жұрт емес едік еш халықтан, Бос белбеу де емеспіз бос қамыққан. Қойныңдағы қосағын қызғанбайтын, Құдай бізді сақтасын шошқалықтан. Біз шошқа емеспіз,сондықтан қызғанған дұрыс