+1 дауыс
1.5k көрілді
БАД , яғни биоактивная добавка , бұларды кез келген адамның сатуына  бола ма?Мысалы, "Сибирьское здоровье", "Арго" секілді корпорациялардың шығарған өнімдері , бұларды кез келген адам сата бере ме?Заң жүзінде бұл қалай қарастырылған?Жауаптарыңыздың сұраққа нақты, толыққанды болғанын қалаймын.
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрағыма толыққанды жауап берілді.Данияр, рахмет саған.Сол үшін саған жақсы жауап

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңына сай фармацевтикалық қызмет бойынша мынадай кiшi қызмет түрлерi:
      дәрiлiк заттарды өндiру;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру;
      медициналық техниканы өндiру;
      дәрiлiк препараттарды дайындау;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
      дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзу;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
      медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
      дәрiлiк заттарды бөлшек саудада өткiзу;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
      медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу лицензияланатын қызметтер қатарына жатады.

Бірақ тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 301 Заңының 1 бабының 25 тармағындағы пайдаланылатын негізгі ұғымдарда өзің айтқан тамаққа биологиялық активтi қоспалар кіргізілген, яғни байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктердi қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшiн жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлiк құрамына енгiзуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары болып табылады делінген. Мұнымен айтпағым БАҚ-лар дәрілік зат болып саналмайды.

Бірақ,  БАҚ-ларды сатуда санитарлық-эпидемологиялық ұйғарым болуы керек, себебі тағам өнімі ретінде "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" ережесіне  сай жүзеге асуы қажет.

Биологиялық активті қоспалар өндіретіндер тиісті жағдайларды ұстануы міндетті.
"Азық-түлікті бөлшек және көтерме сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 578 бұйрығының 86 тармағы бойынша:
Егер сапасы нашар, радиологиялық, токсикологиялық, химиялық немесе микробиологиялық нормативтер артқан кезде;
қауіпсіздігін куәландыратын және өндірілуін растайтын құжаттары болмаса; жарамдылық мерзімі көрсетілмесе;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген мәліметтерді қамтитын таңба белгілері болмаса;
берілген мәліметтер сәйкес келмесе және өнім жалған тамақ өнімі болып табылса, мұндай өнімді қабылдауға және сатуға рұқсат етілмейді.

Және де Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 683 арнайы бұйрығы барғ ол Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының ережесі "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының тәртібін реттейтін бірден бір нормативтік акт.

2 тармағында Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы тамаққа биологиялық активті қоспалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беруге тиіс деп анық көрсетілген.

Келесідей тармақтарға назар салыңыз.
     5. Тамаққа биологиялық активті қоспалар диеталық өнімдерді сататын арнайы дүкендер, азық-түлік дүкендер мен дәріханалар арқылы өткізіледі.

      6. Тамаққа биологиялық активті қоспаларды саудада сату тек тұтыну орамында ғана жүзеге асырылады.

      7. Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы тұтыну тарасында, тамаққа биологиялық активті қоспалардың тұтыну тарасының әрбір бірлігіне қоса берілетін заттаңбасында, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда немесе ұсынымдарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тұтынушыға арналған қажетті ақпарат болғанда жүзеге асырылады, оларда мыналар қамтылады:
      1) өнімнің атауы, шығару нысаны;
      2) шығарушының тауарлық белгісі (болғанда);
      3) олардың құрамына кіретін компоненттердің, тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы, физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсете отырып, белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы, амин қышқылдарының құрамы, биологиялық активті заттардың болуы) нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, миллилитр, проценттік арасалмағы) көрсете отырып, ингредиенттік құрамы туралы мәліметтер;
      4) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер;
      5) талаптарына тамаққа биологиялық активті қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;
      6) шығарушының, бөлшектеп салушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы);
      7) оралған бірліктердің (салмағы немесе көлемі) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің);
      8) партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
      9) тамаққа биологиялық активті қоспаның дәрі еместігін көрсету;
      10) нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық активті қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;
      11) аурулардың жекелеген түрлерінде қолдану үшін қарсы айғақтары туралы мәліметтер.

      8. Тамаққа биологиялық активті қоспаларды мынадай жағдайларда өткізуге болмайды:
      1) мемлекеттік тіркеуден өтпегенде;
      2) сапасы мен қауіпсіздігі туралы куәландырмағанда;
      3) жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде;
      4) тиесілі өткізу жағдайлары болмағанда;
      5) заттаңбасыз, сондай-ақ заттаңбасындағы ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілгенге сәйкес келмегенде;
      6) заттаңбасында қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жазылған ақпарат болмағанда.

      9. Тамаққа биологиялық активті заттарды сақтаумен айналысатын ұйымдар ассортиментке байланысты мыналармен жарақтандырылуы тиіс:
      1) сөрелермен, шкафтармен;
      2) қызу әсер ететін тамаққа биологиялық активті қоспаларды сақтауға арналған тоңазытқыш камералармен (шкафтармен);
      3) ауа параметрлерін тіркеу аспаптарымен (термометрлер, психрометрлер, гигрометрлер).

      10. Тамаққа биологиялық активті қоспалар температура, ылғалдылық және жарықтандыру режимдері сақтала отырып, тамаққа биологиялық активті қоспаларды өндіруші кәсіпорын көрсеткен жағдайда олардың физикалық-химиялық қасиеттері есепке алынып сақталуға тиіс.

      11. Тамаққа биологиялық активті қоспаларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының "Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі  N 349 бұйрығымен белгіленген тәртіппен берілген санитарлық паспорты болуға тиіс (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 11 мамырда N 2840 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған, 2004 ж., N 21-24, 937-құжат).

      12. Тасымалдау жағдайлары (температурасы, ылғалдылығы) тамаққа биологиялық активті қоспалардың әрбір түріне нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қызу әсер ететін тамаққа биологиялық активті қоспаларды тасымалдау арнайы салқындатылған немесе изотермиялық көлікпен жүзеге асырылады.

      13. Тамаққа биологиялық активті қоспаларды буып-түю үшін пайдаланылатын орау материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуы тиіс.

      14. Оралған тамаққа биологиялық активті қоспалар оларды атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан, күн сәулесінен және механикалық зақымдалудан қорғауға тиіс тарада тасымалдануға және сақталуға тиіс


Толығырақ аталған нормативтік актілерден өзіңіз оқуыңызға болады.

Ұқсас сұрақтар

...