ммм...өте қиын жағдай((( Отбасылы емес адам болғандықтан, не айтарымды да білмей отырмын.
Менің ойымша, ол әлі өзінің отбасылы болғанын сезе қойған жоқ. Әлі өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп жүрген жоқ. Сізге айтарым, сабырлық танытқаныңыз дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, күйеуіңізге ренішіңізді білдіргеніңіз жөн. Егер осылай бола беретін болса, ол бәрібір кешіре береді ғой деп одан да зорғысын жасауға дейін баруы мүмкін(Аллах одан сақтасын). Ренжігеніңізді білдіріп, сөйлемей қоюыңызға болады. Тамағын, шайын дайындап, жанында отырып, бірақ сізге қалай ауыр екенін білдіріп сөйлемей қоюыңызға болады. Осыны күйеуіңіз түсінеді деген үміттемін. Сондықтан да, сізге Аллах сабырлық берсін деп тілеймін. Бұл мәселенің жақсы жаққа қарай шешілуін тілеймін.