+2 дауыс
601 көрілді
Сұрақтың басын сол қыздардан бастайын деп отырмын. Көкейімде мені бір сұрақ мазалайды. Мазалауының себебі: Тентек қыздардың жиіркенішті, пасық сөздері. Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын қазіргі заманның қыздарының аузынан неше түрлі боқтық, балағат сөздер шығады. Сондай қызды жүрегім емес, тіпті асқазаным жақтырмайды. Бір сөзбен су қаным сүймейді. Енді олардың сөздерін тыңдамай, дәрежесіне түспей үндемей кетіп қалайын десең, өшіп қалды деген сөздер келеді. Бірақ жігіттік қасиетімді сақтап, ондай сөздерге шыдай алмай айтысып кетемін. Бірақ бұның ақыр-түбі қатынмен қатын боласың ба дегенге де тіреледі. Бұндай жағдайда қандай шара қолданған дұрыс? Сосын кейбіреуі сөйтіп қырындайтындары да бар. Фу, желкенішті.

6 жауап

+2 дауыс
Ербол-ау, сол да сөз болып па? Жігіттер қызға несімен ұнайды, Сегіз қырлы, бір сырлы болғанымен ұнайды және қандай қыздар ұнатады, ақылына көркі сай қыздар ұнатады. Шашыңызды сонша ағартып айтысқанша, жиіркенішті болса оларды көзіңіз шалмай жатып иісі мұрныңызға келгеннен-ақ айналып кетіңіз, сабырлы болуға тырысыңыз. Сол жиіркенішті қыздармен айтысып жүрсеңіз арманыңыздағы қыз анадайдан бұрылып кетер. Сосын қаласыз ғой мәңгі сол жиіркенішті қыздармен жиіркенішті болып...))  Ұтылғыңыз келмейді ә? Өшіп қалды  намыстанатын сөз ба? Бір жолға "өше" салыңыз, бірақ шын өмірде өшпйсіз ғой, олар Құдай емес, өшті десе сіз өше қалатындай. Сізді естияр деп жүрсем, бесіктен әлі беліңіз шықпай жүр-ау....
Жоқ. Бұл сұрақ бұрында мазалаған. Осы сұрақты А. есімді қызға қойып, сөздері демеу болып кішкене де болса сабама келдім. Маған нәр, дәрмен берген секілді болды сөздері. Сондықтан қазір елемеймін олардың сөздерін. Жоқ сіз қателеспеңіз. Күмән болмасын естияр екенімде. Әлгі жүгірмектерді айту керек.
Сол менің айтқанымды істеп жүре берші бауырым:кәдімгі мәз болып қалға смайлик:
Ақылы тасып бара жатқан қарындас болса, неге үлгі тұтпасқа?
+1 дауыс
Сіз ер-жігітсіз ғой... Ер-жігіттерге сабырды, байсалды болған жарасады емес пе?! Сондықтан, айналаңыздағы жандардың, әсіресе, "жиеркенішті" қыздардың сөздеріне мән бермей-ақ қойыңыз! Олармен сөз таластыра отырып, сіз ештеңе ұтпайсыз! "Ондай" қыздар неше түрліні айта береді... Оған көңіл бөлмеңіз! Үндемей-ақ құтылғаныңыз абзал! "Жоқ деген бір сөз, иә деген көп сөз" деуші ма еді?! Олармен пікір таластырып тұрғанша, сөздеріне құлақ аспай, кетіп қалыңыз! Өзіңіз айтпақшы, сөз соңында "қызбен қыз боласың ба?!"(сыпайылатылған түрі) деген сөздерді айтады. Сіз жігітше сабырлы, байсалды болуға тырысыңыз! Ол қыздар өздері айқайлап-айқайлап қояр...)
Иа. Қазір елемеймін олардың сөздерін.
0 дауыс
еххххххх ол ештеңе емес, жақсы көретін, сүйген қызыңның боқтайтынын білгенде оданда жаман күйге түсесін!((((((
Негізі қыздар боқтағанда бетіне қабағыңды түйіп қарап тұр!
+1 дауыс
иә ондай қыздар көбейіп кетті, ішімдік ішеді, темекі тартады. Бірақ барлығы емес
+1 дауыс
оларға ештеңе деудің қажеті жоқ, саналарына солай берсе, қайтесің? тек көзқарасыңызбен жақтырмағаныңызды білдіріңіз. болды )
+1 дауыс
Әттен, біздің жақта ондай қыздар көп жоқ. Болса ғо дұрыстап тұрып пазорын шығарар едім
...