Жооооқ, өтініп сұраймын, АБОРТ жасатпаңыз! Сіз білесіз ба, бала - бауыр етіңіз, бақытыңыз! Сіздің байқамай от басып қойған ақымақтығыңызға бәйкүнә сәбидің еш жазығы жоқ қой, неге алдырмақсыз? Оның да сіз секілді өмір сүргісі келеді емес пе? Аяңыз, қолмен істегенді мойынмен көтеріңіз! Сізге ақыл айтып, ұрысудың өзі артық болар. Болары болып, бояуы сіңгеннен соң не шара, анаңызға айтыңыз, ол кісі сізді түсінер деп ойлаймын. Дәрі ішіп түсіріп әуре болмаңыз, басқалай да ештеңе істемеңіз. Себебі бірінші балаңызды алдырған соң екінші сіз екіншілей АНА атана алмайсыз. Қазір бұрынғы заман емес, ішіндегісін оңай алдырып екіншісін туып жүре беретін. Қазіргі өркениетте экология нашар, адамдар әлсіз. Қалай ғана өз бақытыңызды басқа тебесіз? Мейлі, мектеп жасында болсаңызда баладан бас тарта көрмеңіз. Көз жасынан қорқыңыз, алдырғанымен ертең балаға зар боласыз. Елдің өсегінен қорықпай-ақ, баланы дүниеге әкеліңіз. Ана болу бақытына жете алмай жүргендер қаншама, сізді Аллаһ сынап жатқан болар. Өмір екі айналып келмейді, ойланыңыз! Мүмкін сол бала сізді бақытқа жетелейтін болар.....
Қайталаймын, баладан бас тартпаңыз, сіз баладан бас тартсаңыз бақыт та сізден бас тартады.