+3 дауыс
5.2k көрілді

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

жыланда аяк болмайды!колы да жок!smiley

+2 дауыс
жыланның аяқтары болмайды, ол сырғылап жүреді ))
бірақ омыртқалары ба
+2 дауыс
Жылан бауырымен жорғалаушы, жыланда аяқ болмайт.Бірақ мынадай создер барғой жыланның аяғын корген адам бай болады деген.
біздің елде қайтыс болады деуші еді
әр елдің салты басқа,  иттері қара қасқа.
+2 дауыс
"Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер, Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?!"... Сіз жылан туралы сұрақтарды көп қоясыз.
Қаелеспендер. Жыланның аяғы болады. Себебі жылан тек бауырымен жорғалаушы болғанмен аяқтары көрінбейді.
0 дауыс
Жыланның Аяғы болмайды, өйткені ол бауырымен жорғалаушы!!!
–1 дауыс
Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыртқыш түрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар, гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері (сұржыландар, бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады.
Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін., (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді.
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқыржыландар, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген. [1]
[өңдеу]Жылан жайлы аңыздар

Аустралия, Орталық Африка аборигендері, ежелгі грекиялық фессалийцтер, солтүстікамерикалық үндістер өздерінің ата-тегін жыландар деп есептейді. Сондықтан бұл тайпалар жыланға аса құрметпен қарайды. Алайда бертіндегі ғалымдар мұны ежелгі тотеизмнен қалған сарқыншақ деп түсіндіреді. Қалай десек те, ХVII ғасырда жыланға табыну фанаттық формада жүзеге асқаны шындық. Жыландар зәулім храмдарда тұрып, рахат ғұмыр кешкен. Ал көптеген африкалық тайпалар жыланға қызмет көрсетуді мәртебелі іс санаған. Оқыған абыздар белгілі бір мерзімде елді аралап 10-12 жасар қыздарды жыланға табынушылық құпияларына үйреткен. Жалпы, жылан туралы аңыз-әфсаналар өте көп.
[өңдеу]Уының емдік қасиеттері

Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.
Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.
Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.
0 дауыс
Жылан біз білетіндей бауырмен жорғалаушы ғой.
0 дауыс
жыланда аяқ болмаса жарға қалай жабысып тұрады демек бар деген сөз
0 дауыс
жыланның аяғын көргің келсе былай істе:1.жыланды ұстап ал.2.от жақ барынша ыстық болса тіптен жақсы.3.жыланды бірдеңемен ұстап оттың үстіне қой от ыстық болса біраз тыпыршидыда аяқтарын көрсетеді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
3 жауап
Белгісіз 4.06.2013 Жануарлар сұрақ қойды
+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
9 жауап
...