+3 дауыс
876 көрілді

Елдің көзінен жасырып өлең жазатындарды көп байқаймын. Сіз ше?

(Өлең жазатын өнеріңіз болса, өзіңізге ұнаған бір шумағыңызды осы жерге қалдырсаңыз екен.)

4 жауап

+5 дауыс
Ия, ешкімге оқытпаймын. Ешкімге көрсетпеймін.
Оқытпай көрсетпейтін болсаңыз, онда неменесіне жазасыз, бикеш7!!
Бұрын жасырмаушы едім. Кейін жасыратын болдым. Қазір мүлдем жазбаймын. Бәрін жыртып, лақтырып жібердім.
Несіне жыртып едіңіз.... Блогыңызға іліп қойып, жүре беруіңіз керек еді ғой Керек болғанда ол сол жерде тұратын еді.
dabai.kz-ке жазғанмын, кейін өшіріп тастадым.
Эх... Жарайды!!
Енді солай...
+3 дауыс
Менің ойымша егер өлең жазуға ешқандай дарыныңыз болмаса оған уақыт жұмсап қажет емес сияқты. Өлеңді жазған соң ұйқасы да, мағынасы да терең, нәзік болу керек. Мен бір ретте Мой Мир-ден осы өлеңдерге арналған қоғамдастық аштым. Ішіне алғашында өзіме ұнаған авторлардың өлеңдерін жариялап отырдым. Кейін әркім өзі шығарған өлеңдерін қоса бастады. Оқысаң, енді сұмдық. Не ұйқасы жоқ, не мағынасы жоқ. Өлеңін жаман деп айтсаң - ренжиді. Сондықтан айтқан сөздерге құлақ асып, қолыңнан келмей жатса қара сөзді қорламай қоя салу керек. Егер керісінше өлеңдеріңіз жақсы бағыт алып, оқырмандардан жақсы лебіз тудырып жатса нұр үстіне нұр. Жалпы әр туынды өз бағасын алары сөзсіз.
+4 дауыс
Әр адамда болады екен асыл арман,

Арманына ұмтылып, кім талпынбаған?

Менде де армандар бар сан жетпеген,

Соның бірін бабалар да армандаған.

 

Ол арманым тілімнің сақталуы,

Қайда жүрсе елімнің бақ табуы.

Екінші арман ол да бір кереметім,

Қазағымның өзгеге мақтануы.

 

Осы менің ең басты тілектерім,

Осыларға жетсем деп тілеп едім.

Егерде бұл армандар орындалса,

Көркейеді қарқынмен әлім менің!!!
+1 дауыс

Иә, жазамын!!! Шабыт келгенде ғана..... Кейде басыма өлең шумақтары түсіп жатады..бірақ оларды неге екенін білмеймін, *сразу* жазбаймын..... жаңа осы сұраққа ұқсас сұрақ қойып едім..

https://surak.baribar.kz/23123/%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%A3%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%96%D2%A3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80#a23128

 

Соңғы, яғни жаңа ғана шығарған өлеңім)))

қазір де бір адамға мектеп туралы өлең жазып жатқан едім))))) сосын сілтемесін қалдырармын)
...