Әр адамда болады екен асыл арман,
Арманына ұмтылып, кім талпынбаған?
Менде де армандар бар сан жетпеген,
Соның бірін бабалар да армандаған.
Ол арманым тілімнің сақталуы,
Қайда жүрсе елімнің бақ табуы.
Екінші арман ол да бір кереметім,
Қазағымның өзгеге мақтануы.
Осы менің ең басты тілектерім,
Осыларға жетсем деп тілеп едім.
Егерде бұл армандар орындалса,
Көркейеді қарқынмен әлім менің!!!