+3 дауыс
712 көрілді
[Ғаламторға заңсыз өнім салғандар жауапқа тартылады][1]


  [1]: http://tv7.kz/kz/news/o_i_alar/31464/

бұл қаншалықты рас өз ойларын қандай
келсем деушілер 1 ді
келіспеймин деушілер 2 ні жазыныздар

4 жауап

+3 дауыс
әрйне келіспеймін 2 2 2 2 2 2 2  2 2 2 2 . Заңсыз өнім деп қояды ғой. Сол заңсыз өнім болмай тұрғанда, қарапайым  таланты бар адамдар оз бейне баянын салып танымал болып, жұлдызы оңынан туып, бағы ашылып жатқандары да бар емес па? Ал енді осындай таланттар қайда барып өз талантын көрсете алады? мен қарсымын
Өз
камерасына өз өнерін түсіріп,
интернетке қоюға кедергi болады... Сол үшiн жауап беретiн боламыз. Демократияны шектеу деген осы. Ғаламтор дамымай қалады деген қорқыныш осы. Бұл жайында төменде vvvwww қолданушыға пiкiр ретiнде шамам жеткенше түсiнiк қалдырғанмын. Бұл менiң бәрiн бiлемiн деп өзiмсiнгенiм емес. Әркiм өз бiлгенiн жазуға құқылы.
Белгісіз
Кейбір тәртіптер деген кезде - моралдық құндылықтар, этика, рассизм, радикализм, пропаганда секілді мәліметтер туралы сөз қозғаған едім.
Ол заң бойынша өзінің өнерін көрсеткен болса, оған ештеңе дей алмайды.
Нарушение авторского права — это правонарушение, суть которого составляет использование произведений науки, литературы и искусства, охраняемых авторским правом, без разрешения авторов или правообладателей или с нарушением условий договора о использовании таких произведений. К числу основных способов нарушения авторских прав относится незаконное копирование и распространение произведения, а также плагиат.

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%80%D1%83%D1%88%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B0%D0%B2%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B0#cite_note-1
Админнан тағы да кещірім сұраймын, қазақшасын таба алмадым.
Ия, әрине солай. Олар құқығын қорғай алады. Ол туралы Заң бұрын қарастырылған, яғни бар. Авторлық құқығы бұзылған адам ғана шағымдануға құқылы едi.Әрбiр сайттың ережесiнде авторлық құқықты сақтау туралы айтылады ғой. Соңғы толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлгеннен кейiн ғаламтор мемлекет бақылауында болады. Егер қандайда бiр өнiм салсақ (жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқығын бұзбайтын болса да) 10-15 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл төлеймiз және 1 жылға бас бостандығымыздан айырылуымыз мүмкiн. Қысқасы мемлекет заң шығарған екен бағынайық. Заңның аты заң. Бүгiннен бастап күшiне ендi.
Белгісіз
Тек бір нәрсе айтам, заңды жақсылап оқып шығыңыз.
P.S. Заңда осы айтқан заттарыңыз көрсетілмеген.
Тек екеумiзге қатысты емес барлық қолданушылар заңнан хабардар болсын. Заң деген азғантай түсiнiк беретiн зат емес, әрбiр баптары бiр бiрiмен тығыз байланысып, сабақтасып жататыны белгiлi. Түйсiкпен қабылдап, түсiнiп бiлу керек.
http://www.e.gov.kz/wps/wcm/connect/4d86d50043fbc3caabe3abbbfd271624/ЗРК10061996_каз.html?MOD=AJPERES&CACHEID=4d86d50043fbc3caabe3abbbfd271624&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0
Белгісіз
кешіресіз, мұнда ескі заңның нұсқасы.
+2 дауыс
Мен келiспеймiн. Ол жердегi басты мақсат не екенiн мен мына жерде айтқан едiм. https://surak.baribar.kz/83333/ Қазiр демократиялық ұстанымдағы адамдар үкiмет тарапынан болатын құқық бұзушылықтар мен заң бұзушылықтарды видео жазбаға түсiрiп ғаламторға жiберу арқылы ғана оқиғаны дәлелдей алады және сол арқылы халыққа жеткiзедi. Ол үкiметке ұнамайды. Бар мақсаты соған тосқауыл қою. Ендi осы заңды негiзге алып кейбiр адамдар соттасып әбiгерге түсуi мүмкiн. Ең соңында негiзгi жеңуге тиiс адам жеңiлiске ұшырайтыны қалыпты жағдай ғой. Себебi, кiмнiң танысы күштi болса не кiмнiң ақшасы көп болса сол ұтатын заман. Бұл Заңның бiздiң қоғамға пайдасы болмайтын сияқты. Себебi, ғаламтордың дамуына керi әсерi тиедi және демократияны шектейдi.
Егер демократияның түбіне қарайтын болсақ, мынадай бір нәрсені көреміз - Демократия көбейген сайын адам ерігі шектеле бастайды. Абсолюттік демократия Анархияға алып келеді. Әркімнің өз шындығы бар, сондықтан ешқашан да дәл менің айтқаным дей алмайсыз.
"Қазiр демократиялық ұстанымдағы адамдар үкiмет тарапынан болатын құқық бұзушылықтар мен заң бұзушылықтарды видео жазбаға түсiрiп ғаламторға жiберу арқылы ғана оқиғаны дәлелдей алады және сол арқылы халыққа жеткiзедi."  - деген екенсіз, алайда, егер сотқа арыз бергенде ол бейнетаспаны сол жерде қолдануға ешкім тосқауыл бола алмайды, интернетке шығарғанда да. Заңды оқығанда біраз мән беріп оқысаңыз, ол жерде Авторлық құқыққа байланысты өзгерістер енген...
Әркiм өз пiкiрiн жеткiзедi ғой. Сенiкi өзiңе дұрыс, менiкi өзiме дұрыс. Сауатты пiкiрлерiн үшiн рахмет! Мен бұрынғы пiкiрiмнен ауытқымаймын. Қосымша ретiнде төменде vvvwww есiмдi қолданушыға жазған пiкiрiмдi ұсынамын. Парламаенттiң әрбiр жаңалығының астарында "саясат" жатады. Кiмнiң пiкiрi қаншалықты дұрыс болатынын уақыт көрсетедi. Бұдан әрi сайыссақ сұрақтың өшiрiлуi ғажап емес.
Белгісіз
Мысалы Жаңаөзенде болған оқиғаны билiк бұзақылық деп хабарлады.(бұл тақырыпты талқыламай ақ қояйық) Ал, осы жердегi бiршама шындықтың ашылып, халыққа өз бейнесiнде жетуiне ғаламтордың аз да болса пайдасы болды. Халық себебiн бiлдi. Ақыр соңында жемқор басшылар ұсталып,жауапқа тартылу үстiнде. Солардың кесiрiнен халық қырғынға ұшырап, түрмеге тоғытылған едi. Бiз де зардабын көрдiк. (бұны мысал ретiнде жазып отырмын). Ендi ғаламторға ештеңе сала алмаймыз. Бұрынғыдай мүмкiндiк болмайды. Ендi ондай халық мәселелерi қозғалмайды. Жабулы қазан жабулы күйiнде қалатын болады.
Белгісіз
+3 дауыс
Қарсы сұрақ: оны қадағалаудың мүмкіндігі бар ма, мысалы мен майл ру-ға бір әнді салып қойдым, сонда маған келіп айыппұл сала ма? Кім салады, қалай салады, Интернетті, сайттарды жақсы білетіндерің жауап беріңдерш, мен түсіне алмай отырмын!!!!!!!!!
Бiлуiмше министрлiктiң бақылауында болады. Бiздiң әрбiр уақ-түйегiмiздi ұстап ала бередi деп ойламаймын. Тек саясатқа, үкiметке қатысты видеолар мен муз. салған кезде радар салып ұстап алады. Және оны қалай бақылайтынын халыққа түсiндiрмейдi. Қарсы әрекет жасауымыз мүмкiн ғой.)) Бiреу авторлық құқығын айтып шағымдануына болатыны туралы заң бұрыннан бартұғын, ендi қосымша өзгерулер енгiзiп заңсыз өнiм салуға болмайды қылып өзгерттi. Ең алдымен соққы сайт әкiмшiлiгiне тиетiн сияқты. Сондықтан ендi сайттардың жүйесi былай өзгеретiн болады. Мысалы, сен сайтқа өз өнiмiңдi жүктейтiн кезде сеннен лицензионный номердi енгiзiңiз деп талап қойып қабылдайтын болуы мүмкiн. Ескеретiн жағдай бұл әрекеттiң бәрiн тек Қазақстандық сайттарда ғана жасайды. Майл.ру сияқты сайттарға не салсақ та өзiмiз бiлемiз.Заңда солай. Сөйтiп ендi бәрiмiз автоматты түрде шетелдiк сайттарға ауыса бастайтын боламыз.
Белгісіз
Түсіндім, ееее.............. ең аяғы қазақша сайттарға тағы бір тұсау салынды десейші
Бұл қитұрқы саясаттың қитұрқы заңы,өте қауіпті. Бақылау деген бос сөз,нағыз тиым салу және ол оп- оңай жолмен іске асады.Сайттардаң ережесіндегі "сайт әкімшілігі қолданушының көзқарасына жауап бермейді"- деген пунктің күші бұл заңнан кейін өз-өзінен жойылады. Содан соң сайт әкімшіліктері амалсыздан цензураға симайтын материалдарды жауып отыруға мәжбүр болады.
Бірақ бұл тек қазнетке ғана әсер етеді дағы дамуына тұсау болады. Ал шетелдік инеттер біздің заңды не қылсын,біз амалсыздан шын ақнараттарды сырттың сайттарынан іздеуге мәжбүр боламыз әрі олардың окырман санын көбейтіп рейтингін өсіреміз.Өкінішті әрине...
ия, солай.
Белгісіз
Егер сіз интернетке жіберген әннің авторы көріп арыз жазса сізді шынайы іздесе 1 күнге жеткізбей-ақ тауып алады. компьютерде IP адрес деген болады. сол арқылы сіздің қолданған IP іңіз арқылы  сіз басқада сайттардағы немесе Email дағы анкетаңыз арқылыда тауып алу мүмкін. немесе турған жеріңізді тауып сол арқылы іздестіруі мүмкін. сақ болыңыз, Демократия дейміз бірақ ол қарапайым халыққа көп үйлесе бермейтін сөз, Заң деген қарапайым халық үшін арналған басқару құралы!
+1 дауыс
Бұл қитұрқы саясаттың қитұрқы заңы,өте қауіпті. Бақылау деген бос сөз,нағыз тиым салу және ол оп- оңай жолмен іске асады.Сайттардаң ережесіндегі "сайт әкімшілігі қолданушының көзқарасына жауап бермейді"- деген пунктің күші бұл заңнан кейін өз-өзінен жойылады. Содан соң сайт әкімшіліктері амалсыздан цензураға симайтын материалдарды жауып отыруға мәжбүр болады.
Бірақ бұл тек қазнетке ғана әсер етеді дағы дамуына тұсау болады. Ал шетелдік инеттер біздің заңды не қылсын,біз амалсыздан шын ақнараттарды сырттың сайттарынан іздеуге мәжбүр боламыз әрі олардың окырман санын көбейтіп рейтингін өсіреміз.Өкінішті әрине...
Қосыламын. Жаңа парламенттiң құрылғаны кеше ғана ғой. Келмей жатып халықтың құқығын қорғағыш болып қалуын. Өз iргетасын нығайтудың амалын ойлау ғой.Үкiметтiң әрбiр жаңалығының саяси астары болады. "Түлкiнi атып қасқырға тигiзiп отыр" деп мәтел айсам түсiнiктi ме. Үкiметке күйе жағып отырғам жоқ. Мақтауға тұрарлық iстер жасаса мақтап та жүрмiз. Дегенмен сын айту халықтың еншiсiнде.
Белгісіз
...