+1 дауыс
565 көрілді
нарық,экономика,бизнес дегенді тек баспасөзден болмаса,көп түсіне бермеймін, экономика, саясат, құқық, мысалы долларға шаққанда, ақша айналымдары ...тағысын тағы салаларды толық сауатты меңгеру үшін неден бастаған жөн???жалпы сіздер калай бастаған едіңіздер???  Қалай оңай түсініп кетуге болады??? орыстарда мынадай сөз барғой " умный (или ученый короче забыла) не тот кто читает много , а тот кто читает нужное" дейдіго,  сол сияқты қай кітаптардан бастаған жөн, бір-екі кітап қолға алып едім,түк түсініксіз....

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең бiрiншi қолыңа ұстауға тиiс кiтап ол "ҚР Конституциясы".(40 беттен аспайды). Бәрiмiздiң өмiрлiк қозғалысымыз еңбек ету, яғни белгiлi бiр жерде жұмыс жасаймыз. Еңбекте өз құқығымызды қорғау үшiн "ҚР Еңбек кодексi" деген кiтапты ашып оқуымыз керек.(110 беттен аспайды). Одан кейiн өзiңнiң бейiмдiлiгiңе қарай сауат аша бастайсың. Егер болашақта көлiк жүргiзетiн ойың болса "ҚР жол қозғалысы ережелерiн" оқып үйренуге тырыс. Құқық бұзған жағдайда салынатын айыппұл мөлшерiн бiлгiң келсе "ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi" деген кiтапта бәрi бар.(Стандартты пiшiнде 285-бет, үлкен кiтап болса 2/3 дей. iшiндегi жазулары бiрдей). Ал, экономика ол күрелi жүйе болғандықтан экономикада кездесетiн термин сөздердiң мағынасын жаттап ал. Теледидардан сондай сөздер естiген кезде (мысалы, инвестиция, инновация, инфляция, кризис деген сияқты сөздер) мағынасын зертте, iзденiп оқы. Ал саясатқа көп бас ауыртпаған дұрыс шығар, саясат терең. Алдыңа саяси мақсат қойып соған жету үшiн ғана саясатпен айналысуға болады. Осыларға мән берсең өз құқығыңды қорғап үйренесiң.
Аа, нарықты айтуды ұмытыппынғо. Нарықтық экономика деген - барлық тауарлар мен қызметтердiң ақша арқылы жүзеге асуы. Мысалы бiлiм орталықтарына, бала бақшаға, медициналық орталықтарға бұрын ақша төлемейтiн едiк қой. Нарықтық жүйеге өткелi ақша төлейтiн болдық. Яғни жекешелендiруден бастадық, ең соңында таңертең көздi ашқанда ақшаны ойлап оянатын жағдайға жеттiк. Бұл нарықтың әсерi, нарықтың қасиетi.))
бизнес, кәсiпкерлiк туралы мына жерден үйренуге болады.
http://www.damu.kz
...