Мектеп | 1.4k қаралды
1.4k қаралды
Хромның өнеркәсіпте қалай пайдаланады? Химиялық және физикалық қасиеттері қандай?

1 жауап

Хром (латынша Chromіum), Cr — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элементі, атомдық номері 24, атомдық массасы 51,996. Тұрақты төрт изотобы 50Cr(4,31%), 52Cr (83,76%), 53Cr (9,55%), 54Cr (2,38%) бар. Олардың ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы 51Cr (T1/2 =27,8 күн).

Физикалық қасиеті:Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу температурасы 1910°C, қайнау температурасы 2480°C, тығыздығы 7,14 грамм/куб сантиметр.

Химиялық қасиеті:

Қалыпты температурада фтормен, 600°С-тан жоғары температурада галогендермен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі.

Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr2O3 тотығын түзеді, оның гидрототығы (Cr(OH)3) амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады.

Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш.

Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады.

Хром кешенді қосылыстар түзуге бейім. Ол құрамда оттек бар қышқылдармен әрекеттесіп нитрат Cr(NO3)3·9H2O, сульфат Cr2(SO4)3·18Н2О тұздарын түзеді.

Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr2O3 алюминотерм. әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді. Хром-калий ашудасы былғары илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді.

Жақсы Жауап
118,769 сұрақ
306,757 жауап
153,308 пікір
68,763 қолданушы