+2 дауыс
875 көрілді
Өз өмірімнен үзінді айта кетейін. Осыған сіздердің ойларыңызды білгім келеді. 11 сыныпта ауыл мектебіне қаланың бір қызы келді. Өте әдемі, сұлу, ақылына көркі сай. "Әттеген-ай!"  дейтін дері тәкәппар еді. Нақты айтпай-ақ қояйын біраз жігіттермен жүріп тастаған.Ол да болашақ ана, кейін болашақ жарына, бала-шағасының алдында қалай жүреді? Алғашқы махаббат соңғы болуы керек. Бала махаббат деген болады оны қоспағанда. Өімнің әңгімеме оралайын. Мен сол қызға көмектесу үшін сөз салдым, өзімді соған ғашық болуға тырыстым. Менің ойым сол мінезін қойғызу болды. "Жүрекке әмір жүрмейді деген рас екен" мен оны сүйіп қалдым. Ойымнан кетпей тек соны ғана ойлайтын болдым. Екеуміз жылға жуық уақыттай жүрдік.Қазір 1 курс студентімін. Бірінші курста түрлі жағдайлар болады. Бір жағдайлармен денсаулығым нашарлап, ол қызға бір апта хабарласа алмадым. "Ауру қалса да әдет қалмайды" ол қыз осыған бола мені тастап кетті. Мені сүйетін, мен үшін ол да көп қиналды оған күманым жоқ еді, бірақ білмеймін мінезін өзгерту соншама қиын ба? Өміріме осындай қыз жолықса, қалай махаббатқа адал боласын?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс айтасыз, Алғашқы махаббат соңғы махаббат болу керек! Ол қызға көмектескіңіз келгені, әрине, дұрыс. Дегенмен, адамның бойында туа біткен мінезі болады...Мүмкін, ол қыздың бойындағы мінез сол шығар... Ауру қалса да, әдет қалмайды дейді емес пе?! Мінезінің мүлдем өзгеріп кететініне күмәнім бар... Алайда, тырысып көру керек. "Попытка не пытка" дейді ғой... Көп адамдардың мінездері шын ғашық болған кезде өзгеріп жатады) Мүмкін ол қыздың мінезі біраз уақыт өткеннен кейін немесе үйленгеннен кейін өзгеретін шығар)) Бәріне уақыт керек...
+1 дауыс
"Сүйекпен біткен мінез сүйекпен кетеді" деп жатамыз, алайда мінез деген де өзгеріске ұшырап отырады. Оның мінезін сіз өзгерте алмайсыз, өмір өзгертеді, уақыт өзгертеді. Өзгертуге тырыспағаныңыз жөн, одан да өзіңздің нашар мінезіңіз бар болса соны түзулеуге ұмтылыңыз. Адам деген басына таяқ тимей өзгермейді, өмірдің өзі сабақ емес пе? Ол да үне бойы осылай жүрмейтін болар, жүргіш болса жүрсін, өмірді көрсін. Ең бастысы арына дақ келтірмесе болды емес па. Алғашқа махаббаттың соңғы болуы міндетті емес, олай болған жағдайда өмірдің кей көлеңке тұстарынан мақрұм қалуы мүмкін, бір ғана жанмен жүрсеңіз адам тани алмауыңыз мүмкін. Алғашқының соңғы болуына қарсы айтар сөзім жоқ, егер бағалай білсе. Махаббатын шын бағалай алатын адам, махаббаттан оңбай опық жеген адам. Өміріңізде ондай қызды өзіңіз жолықтырып отырсыз, әу баста өзіңз түзетем деп ғашық болғасыз, ендеше бұл жерде  "қалайша адал боламын?" деуіңіз тым күлкілі естіледі, кешірерсіз....


 
<font color='red'>p. s. Сайт заңын ескере отырып жоғарыда тұрған [FAQ-Көмек][1]ті оқып шығуыңызды сұраймын. Сонымен қатар бұл сайтта таза қазақ тілі және қазақ әріптерімен жазуыңызды ескеремін. Сұрақ қоярда сұрақ қою бетіндегі </font>   Ілмектерді - ажырату үшін (,) үтір қолданылады: <font color='red'> деген жерді бос қалдырмауыңызды сұраймын, жәй ғана емес қатты сұраймын. Өзге қолданушылардың да назарына.....
Сонымен бірге сізге үлкен рахмет айтқым келеді, мына хикаяңызды тым ұзақ етіп жазбағаныңыз үшін. Себебі, сұрығыңызды қазақ шрифтісінсіз жазыпсыз, яғни  қ әрпін к деп, ғ әрпін г деп....  Осылардың бәрін өңдеп, таза қазақ әрәптерімен өңдеп, түзулеп шықтым. Тағы айтарым, "қойайын" деген сөз қатесіз "қояйын" деп жазылады... Назар салып, оқығаныңыз үшін, рахмет!</font>


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq
Дурыс айтасыз. Айткандарын жон екен.
Белгісіз
+1 дауыс
Сабыр сақтағаның жөн. Сен таза болсаң болды, бірақ таза сақтай алмайды. Мінез - туғаннан қалыптасқанмен, ортамен араласқанда өзгеру де мүмкін. Тәкәппарлық қызға тән қасиет. Егер қыз тәкәппар болмаса, балалар мүйізіне шығып, ойына келегенін істей беретін еді. Сондықтан, қыздар тәкәппарлықтан құтылмаңыздар. Қыз сені шын сүйгенде тәкәппарлықтан арылуға болатын еді, жарты жыл жүрсең міңездерінді танып білуге жетерліктей уақыт болды.

Ұқсас сұрақтар

...