+3 дауыс
2.8k көрілді

4 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайсар мінезді адамдар туралы кітап,журналдар оқу,мәселен Бердібек Соқпақбпевтың„Өлгендер қайта келмейді„,„Бастан кешкен„,кітаптарын,„Шыңғысхан„ қытай шығарған киносын көру,Бауыржан Момышұлы туралы кітаптар және Момышұлының өзінің кітаптарын оқу,жалпы қайсар ұлдар мен қыздар  туралы жазылған  әңгімелер,журналдар,кітаптар жақсы әсер береді.Желтоқсаншылар туралы оқыған да дұрыс.
+3 дауыс

МЕН БӘРІН ДЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН ДЕЙСІЗ ДЕ,ІСКЕ КІРІСІП КЕТЕСІЗ)

+4 дауыс
Өте жақсы сұрақ. Бұл қаһармандар туралы кітап оқумен шешілетін мәселе емес. Бұл жерде мәселенің психологиялық аспектілері үлкен роль ойнайды. Біріншіден, менің ойымша, өскен ортаңа байланысты. Сіз ата-анаңыз, ұстаздарыңыз тарапынан қағажу көрмей өссеңіз, әр ісіңіздің дұрыс-бұрыстығын сабырмен түсіндіріп, жол сілтейтін адам болса жақсы. Ол сіздің өмірде өзіндік пікіріңіздің қалыптасуына және оны іркілмей айта білуге жол ашады.  Сосын , мәселен, өзіңіз таңдаған мамандығыңыздың қыр-сырын теориялық және практикалық жағынан да өзгелерден көш ілгері жетік білуіңіз қажет. Және өз салаңызда ғана емес, басқа салаларда да жан-жақты болуыңыз қажет. Себебі жан-жақты болмасаңыз, адамдармен пікірталаста өзіңізді олардан төмен санап тұратындықтан, үнемі өзіңізге сенімсіздік туады. Сосын адамдармен араласқанда өзіңізді жақсы көрсетемін деп тыраштанбай қалыпты, табиғи қалпыңызды ұстау керек. Өйткені біреулерге ұнаймын деп жасанды қалып көрсетсеңіз, кейін негізгі табиғи қалпымды көрсетіп қоямын-ау деп қорқып жүретін боласыз. Сосын жеңілгенді мойындай білу керек. Былайша айтқанда, шынайы болу керек. Менің айтып отырғаным - өзіңе сенімділікті қалыптастырудың бір парасы ғана. Ал жалпы, ең алдымен, психологиялық кітаптар оқу керек. Мәселен, мен америкалық психолог әрі оратор Д.Карнегидің  "Как вырабатывать в себе уверенность" деген кітабын оқуды ұсынар едім...
Екінші жұлдызша /жақсы жауап/  болса, сізге ұсынар едім.

Дейл Каргнегиді осыменен  бір рет оқып, екінші рет аудио кітабын тыңдап отырмын.

http://abook.fm/audio/%D0%9E%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B0%D1%8E%D1%89%D0%B0%D1%8F/%D0%AF%D0%B7%D1%8B%D0%BA%20%D1%83%D0%B1%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F

Бірақта ол американдық қой, ал біз қазақпыз. Біздің менталитетіміз қалай десеңіз де өзгеше.

Керекті жерлерін алып қоямын, дегеніменеде

Соған ұқсас басқа кітаптар бар ма екен 7
Жақсы онда... Сізге көп-көп рахмет!!!

Менед бір идея, ой пайда болып тұр Демек сіз Карнегидің жұмысын оқыған болдыңыз; ал егерде бір-бірімізге треннинг жүргізсекші, айырмашылығы жоқ 3-4 адам қатыссада болады.

Қалай ойлайсыз7 Ол кейінгі өмірге, бізге өте керек нәрсе болады ғой....
Менде мынандай ой болды Скайпта сөйлесу /дауыс/ арқылы, /жазбаша емес/ треннингті жүргізу болатын. Бірақа ол үшін микрофон және настройкалалрды құрып дайындау керек. Ал егерде біз осы идеяны еірнбей жеткізсек, әрине бір нәтижеге жеткізер еді. Ары қаратай, треннингке байланысты жоспарларды құру қиын емес сияқты
+3 дауыс
Өзіңді басқалардан мықты сана. Бірақ тәкаппарлыққа ұштасып кетпесін.
...