+2 дауыс
3.2k көрілді
Алдын ала Алғысым Сіздерге !!! Минусы , әннің өзі емес ТЕКСТІ ....)

P.S. Тым болмаса, Әнін тыңдап отырып,жазып беріңіздерші !!!!!!!             Есесіне, жақсы жауап белгілеймін. Хех_)
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ қоюшы жақсы жауап таңдады.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ертеңіме сенемін!

Өмірімнің мәні - өлеңім,
Жайқалған нұр жасыл желегім.
Мен өміріме, өлеңіме
Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім,
Ертеңім деп табар қорегім.
Мен ертеңіме, ертеңіме
Сенемін, сенем...

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...

Еркемін мен, ойлар ертеңін
Мәңгіліктің жырын өркеп ем
Мен жырларыма, нұр бағыма
Сенемін, сенем...

Өлмесін деп жаяр өркенім,
Өмірімнің күйін шертемін
Ертеңім - менің ертегім,
Ертеңіме сенем...

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем... соңында 3 рет қайталанады екен...
С`анк Ю Вери Мач, Мөлдір. Көп көмектестің!     Рахмет.
Нот Эт Ол, Алишер! Жақсы жауап деп таңдағаныңыз үшін рахмет!
Нот Эт Ол дегенің оқасы жоқ дегенің ба?
Дәл солай.
We Are Welcome деген сияқты еді. Бірақ қателесуім мүмкін.
Қателесуіңіз мүмкін...Ербол!
Бәлкім...
...