+4 дауыс
4.5k көрілді
Ассалаумағалейкүм СЖ қолданушылары. Сіздерден мені көптен мазалап жүрген ойымды ортаға салғым келіп тұр.

қысқасы, маған 5-ші сыныптан бері орыс тілі пәнінен бір апай сабақ беретін.Осы 11-ші сыныпқа шейін.Мектептегі талай-талай мұғалімдердің алдынан өттік,кімнің қалай сабақ беретінін,баланы өзіне қалай баурайтынын білемін. Бірақ, бұл апайдың орны маған ерекше.  Сондықтан 6 жылғы енбегіне рахмет ретінде ерекше сыйлық берейін деп ойлап отырмын.  Сыйлықты мектеп бітіру кешінде табыс етпекшімін.. Мұғалім туралы қысқаша ақпарат: осы жылы 50 жасқа толады. Отбасын толық білемін. таныспыз.
Қаржы көлемі 20-30 мың аралығындағы сыйлықтар..жеке қалтама қатысты
Өз ойларыңызды жаза отырсаңыздар.

2 жауап

+6 дауыс
Керемет қой мынауың. Не деген ақылдысың!?....
Естелiк болсын десең көрген кезде есiне сен түсiп отыратындай етiп ұмытылмайтын, тозбайтын сыйлық iзде. Сувинир, картина, кiтап сияқты сыйлықтардың iшiнен ұстазыңа ұнайды ау деген бiреуiн таңда.
+4 дауыс
Жарайсың!!!          Айтарым жоқ!    

Лалала:     Ұстазыңның отбасы мүшелеріне 900-1200 -көлеміндегі құны бар сувенир, портмоне, гүлдер сыйлап, Ал Ұстазыңа 6 жыл бойғы фотоларың топтастырылған, ішіне түрлі мәтіндегі суреттер мен тілектер енгізілген, әдемі безендірілген  үлкенірек АЛЬбом  сыйласаң....!
- Плюсі: Ұмытылмас сыйлық.
- Минусы: Біраз фантазияңды қосу қажет...

Лалала:       Әдемі,  "шәлі" тәрізді орамал, оның үстіне Барлық Сыныптастарың [ортасында - Ұстазың] түскен қымбат рамкалы Фото сыйласаң......!
- Плюсі: Ұмытылмас сыйлық.
- Минусы: Суретке жақсылап тұрып түсуді ұйымдастыру керек...

Не сыйласаң да ұстанатын қағида:  СЫЙЛЫҒЫҢ ШЫН ЖҮРЕКТЕН БОЛУЫ ШАРТ!!!         Іске сәт.
...