Баклажан
БАКЛАЖАН — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңт.-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңт. облыстарында өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып тұрады. Баклажанның тамыры шашақты, жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салмағы 0,4 — 1 кг. Тұқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Баклажан жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы температура 20 — 30°С, топырақ ылғалдылығы 80%. Баклажан маусым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Жемісінің құрамында: 7,1 — 11% құрғақ заттар, 2,72 — 4% қант, 0,6—1,4% ақуыз, 0,1 — 0,4% май, сондай-ақ, кальций, фосфор, темір жөне т.б. тұздар бар. Баклажанның өнімділігі жоғары, 1 га-дан 15 — 30 т өнім алуға болады. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", "Симферопольский-105", "Консервный-10", т.б. Баклажан негізінен көшет арқылы өсіріледі. Көшеттер егістікке қашықтығы 35 — 40 см, қатар аралығы 70 см болатындай етіп отырғызылады. Топырақты қопсыту, арам шөп отау, суару, үстеп қоректендіру, өсімдік кеселдері мен зиянкестерін құрту жұмыстары жүргізіледі. Баклажанның зиянкестері: дала қандаласы, бұзаубас, т.б., аурулары: шірік, фитофтора т.б. Б. Еуропа елдерінде ертеден дәрілік мақсатта пайдаланылып келген, тек 18 ғасырдандан бастап тағамға пайдаланылды. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін колданылады. Ұлы Ескендір Профессор 18 Тамыз 2011 жылы жауап берді
+3 дауыс
Алқалар тұқымдасы
Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.
Алқа тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері
Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ.
[өңдеу]
Түрлері
Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ (физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.
[өңдеу]
Баклажан
Баклажан.
Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.
Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.
Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.
Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті ( холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады.