0 дауыс
5.7k көрілді
1 - есеп
27 градус С температурадағы мөлшері 3 моль гелий жабық ыдыста тұр. Газға 3 кДж жылу берілсе, ыдыстың қысымы қанша пайызға артады?
2 - есеп
Температурасы 15 градус С калориметрде массасы 250 г су бар. Суға 20 г ылғал қар салынды. Нәтижесінде, калориметрдің температурасы 5 градус С-ға төмендеді. Қарда қанша су мөлшері болған?
3 - есеп
Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын идеал жылу машинасының қыздырғышының температурасы 327 градус С, суытқышының температурасы 27 градус С. 1 -> 2 өту кезінде (изотермиялық ұлғаю) атқарылған жұмыс 200 Дж. Бір циклда суытқышқа берілген жылу мөлшерін тап.
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауап алынды

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
3 - есеп

Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын идеал жылу машинасының қыздырғышының температурасы 327 градус С, суытқышының температурасы 27 градус С. 1 -> 2 өту кезінде (изотермиялық ұлғаю) атқарылған жұмыс 200 Дж. Бір циклда суытқышқа берілген жылу мөлшерін тап.

Tc=27+273=300 K

Tm=327+273=600 K

n=1-Tc/Tm=A*Q

Q=A/(1-Tc/Tm)

Q=200/(1-300/600)=200/0,5=400 Дж
1 - есеп

27 градус С температурадағы мөлшері 3 моль гелий жабық ыдыста тұр. Газға 3 кДж жылу берілсе, ыдыстың қысымы қанша пайызға артады?

Q = ΔU =3⁄2νRT = 3V·ΔP,

R = 8,3144598(48) Дж⁄(моль∙К).

T=27+273=300 K

Q=3*3*8,3144598(48)*300/2=10935 Дж

3000=10935Р

Р=3000/10935=0,27=27%
...