+1 дауыс
407 көрілді
Саламатсыздар ма! Салық есебі жайлы көмек қажет. Оңайлатылған декларация режимімен ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК аштым(Анамның атына тіркелген. Анам зейнеткер). Жұмыс жүргізуші мен, яғни баласымын. Егер 1 кварталдағы жалпы табыс соммасы(бақылау кассалық аппараты) 500 000 тг болып, менің жалақым 20 000 тг болса,  Мемлекет бюджетіне қандай аударымдар мен салықтар төлеймін? Өтініш, толығырақ жазсаңыздар екен. Алдын ала РАХМЕТ!

1 жауап

+1 дауыс
Талабың оң болсын! Iске сәт! Кәсiпкерлк жеңiл нәрсе емес. Мән берiп жұмыстануың керек. Сенiң айтқандарыңды жазып отырсам қомақты пайдалы дүние шығар едi, бiрақ оның бәрiн жазып отыру маған тиiмсiздеу болайын деп тұр. Одан да қай жерден қарау керек екенiн айтайын. "ҚР Салық кодексi" деген кiтап әрбiр кәсiпкерге керек кiтап, соны сатып ал немесе кiтапханадан iзде. 61-тарау бойынша Шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi деген тақырыппен қарастырылған. Саған керегi 433-бап "жалпы ережесi", 436-бап "Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу". 437-бап. "Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзiмдерi" жазылған. Осылармен жұмыстанған дұрыс.
Рахмет, Маке. Карадым
Оқасы жоқ. Жауап пайдалы болса жоғарыда, оң жақтағы жұлдызшаны басуыңа болады.
Белгісіз
...