+1 дауыс
3.0k көрілді
Сүйелге деген ем болса....

сүйел не жара емес, не ауыру емес,,, сонда не?

Қалай одан құтылуға болады?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Жазуыма түрткі болған мақала: АҒАШ-АДАМ. Деде Косаве деген адамның халi әлемдi таңғалдырды. Қара ағаштың қабығы секiлдi қоңырқай түстi белгiсiз зат өсiп, оның бүкiл денесiн торлап басып қалған. Сондықтан Деде ағаш-адам аталып кеттi. Алғашқыда денесiне кiшкене қоңырқай сүйел шыққан. Сүйел аз ғана уақыттың iшiнде қаптап кетiп, жуандап үлкейе түскен. Соның кесiрiнен байғұс орнынан тұрып жүре алмай қалады. Тамақ iшу де мұңға айналады. Оны атақты америкалық дәрiгерлер емдей бастаған. Олардың пiкiрiнше, бұған адам папилломасы атты вирус себеп болған. Вирустiң осылайша жүген-құ­рықсыз кетуiне сирек кездесетiн генетикалық мутация да ықпал еткен. Бүгiнге дейiн Дедеге 9 ота жасалып, 5,5 келi сүйел сылынып алынды. Оны тағы да осындай бiрнеше ота күтiп тұр.
www.zhasalash.kz
Сүйел адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі заттар арқылы да жұғады. Бұл тегіс емес, мүйізді қабаттармен жабылған эпидермалық түйіршіктер , тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде, сары-сұр түсте байқалады.
Емдеу жолы: Сүйелдердің барлық түрінде қойылтылған сутек асқын тотығының ерітіндісін, 5 пайыз фторурацил майын сүйелдің сыртына жағуға кеңес беріледі. Әдеттегі сүйелдерді емдеуде ең жақсы әдіс – көмірқышқыл мұзымен не сұйық азотпен (криотерапия) мұздату әдісін қолдана отырып, 1-2 сүйелді кетірсе, басқалары да ізінше қайтып кетуі мүмкін. Саның көп болса жәй және жалпақ сүйелдерге магний тотықты 0,5-1,0 г күніне 3 реттен 2-3 ай бойы қолданған жөн. Сондай-ақ, гипноздау да терапиялық нәтиже береді. Ем қонбаған жағдайда хирургиялық әдіске жүгінуге тура келеді.
«Денсаулық» журналы
Ал енді менің кеңесіме құлақ түріңіз:
Сізге өтірік, маған шын, 2-3 сыныпта оқып жүргенде менің қос қолымда ұзын саны 42 сүйел болған. Естуімше, сүйел қолдан-қолға жұғады, «балалайды». 42 сүйелдің бәрі біркелкі пішінде емес-тін, бірақ үлкендері көп болатын. Мен оларға аса мән бермейтінмін. Бірде ойын балалары «Қалау-қалау» деген ойынды ойнадық, ойын шарты бойынша, балалар бір-бірінің қолынан ұстауы тиіс, сонда менің қолымнан ешкім ұстағысы келмеді. Жыларман күйде үйге келдім. Содан мың болғыр әке-шешемнің істемеген емі қалмады… Сіздерге өзім шипа іздеп сабылған кезде естіген бірнеше емдеу жолдарын жазайын:
1. Жылқының құйрығының қылы қатты болады, соның бір талын сүйелге орап, тартып қалу керек. (Бұл – өте қорқынышты процедура)
2. Сүйелді Айға көрсету, қызғандыру. Білгіштердің айтуынша, сүйелдеріңізді картоп крахмалымен үйкелеп, Ай жаңадан туған кезде оған көрсетіп «Менде сүйел бар, сенде жоқ» деп, артынша әлгі картопты жерге көміп тастасаңыз, Ай қызғанып, біршама уақыт өткен соң құтыла алмай жүрген пәлекетіңізді «тартып алады-мыс». (Менің тәжірибемде бұл нәтиже бермеді )
3. Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп адам аяғы баспайтын жерге тастау.
4. Жиіркенішті процедура (бірақ, нәтиже береді дейді білгіштер) : сүйел шыққан жерді несеппен 3-7 күн жуу.
5. Бұл ретте сізге қойдың ащы ішегі көмекке келеді. Қойдың ащы ішегін денеңіздегі сүйелге тигізіп отырып түйіндейсіз. Мәселен, 42 сүйел болса ішекті 42 жерден түйіндеуіңіз қажет. Одан соң ішекті ешкім баспайды-ау деген жерге апарып көміп тастайсыз. Әлгі ащы ішек шіріген кезде (шамамен 1- 2 аптада) сүйел де ізім-қайым жоғалады.
6. Маған көмектескен емдеу әдісі:
Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған аты өшкірлер жоғалады.
Ескерту: Жоғарыда аталған халықтық ем-домдарды жасағаннан кейін сүйелдің орнына «Сүйел кетті ме екен?» деп әдейілеп мән беріп қарауға болмайды!
Деніңізге саулық тілеймін!

 Ақпарат көзі:  http://rozatai.wordpress.com/2010/05/12/ем-дом-сүйелден-арылыңыз/

+2 дауыс
маған кезінде админ жазган 5 әдіс көмектескен, бірақ менде 4 сүйел шыққан
+1 дауыс
Сұраққа 6 ай болып кетіпті,бірақ бүгін кездейсоқ көрдім.Жауап беріп көрейін,мүмкін көмегім тиер.Сүйелді елемеуге болмайды,ол өте қауіпті.Егер сүйелдің ұрғашысы шыққан болса ол көбейіп кетеді.Админнің жазған емдерінің бәріне қосыла отырып,өзім пайдаланған қарапайым дәрі туралы айтқым келеді.Аптекаларда"Чистотель" деген сұйық дәрі бар,100-200 ақ теңге тұрады.Соны пайдалансаң көмегі тиеді.
козге жакындатсам болама оны?менде козмде, тагыда коп бар али кетире алмай журмин.
...