+3 дауыс
Сұрақтың жабылу себебі: Хайрулла қолданушының жауабы ұнады.
28.01.2012 4.3k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мір - Садақ, садақтың өте дәл тиетін, ерекше жасалған түрін айтады.
Темір деген сөзге қатысы жоқ
29.01.2012
Мір деген менің ауылымдағы төбенің аты. Түркістан ауданы Ескі Сауран ауылында Сауран қалашығының қасында. Жаушының отыратын төбесі бар биіктігі 30 метрдей, енінің диаметрі 150 метрдей. Алыстан жаудың басы көрінсе садағының басына от жағып аспанға атып Сауран қаласына белгі беретін болған. Осы сөз содан қалған. Трасса бойында Қызылорда мен ОҚО-ның шекарасы тау беткей жағына қарасаңдар 1км-дей жерде көрінеді. Пойызбенде көрінеді.
Қызығы сол, басындағы бұлақты Сауран қаласына дейін алдын қазып-қазып үлкен арықпен су жеткізген. Мәдени мұра бағдарламасымен қалада қазба жұмыстары жүріп жатыр, көрсеңдер ашық аспан астындағы музей.
Өз ауылыңыздың тарихын білгеніңіз өте жақсы, құптарлық іс
Мәәәәәәәсағған, сіздің ауыл дейсіз бе?Өте қызық!!!!!!!!!!!
Сіз жауап ретінде жазсаңыз, сіздікін жақсы жауап деп белгілер едім.
Суреті бар ма ол ауылдың ?Суретін осы жерге қойып қойыңыз.
–1 дауыс
Мірдің оғындай — острый; язвительный. Яғни қазақша синонимдес сөздер өткір және т.б.
28.01.2012
0 дауыс
өте қызық сұрақ \Мір\ деген сөздің түпкі мағынасы, шығу тегі болуы керек Түсіндірме сөздіктен қарау керек, окініштісі бұл кітаптың менде жоғы
29.01.2012
"Мір" сөзін қазақ коментаторларынан жиі естимін, боксты жүргізіп жатқанда, "соққысы- мірдің оғындай" деп айтып жатады, соған қарағанда қару-жараққа келетін секілді
+1 дауыс
Темірге жанама қатысы да болуы мүмкін. Тек садақтың түрі емес, садақ оғының ұшын айтатын сияқты.
Мысалдар: Мірдің оғындай - оқтың өткір ұшындай.
29.01.2012
Жоқ ол мүмкін емес, мір деген сөз САДАҚ
Дауласпаймын, садақ болса - садақ шығар. Менікі болжам ғой.

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы