Мір деген менің ауылымдағы төбенің аты. Түркістан ауданы Ескі Сауран ауылында Сауран қалашығының қасында. Жаушының отыратын төбесі бар биіктігі 30 метрдей, енінің диаметрі 150 метрдей. Алыстан жаудың басы көрінсе садағының басына от жағып аспанға атып Сауран қаласына белгі беретін болған. Осы сөз содан қалған. Трасса бойында Қызылорда мен ОҚО-ның шекарасы тау беткей жағына қарасаңдар 1км-дей жерде көрінеді. Пойызбенде көрінеді.
Қызығы сол, басындағы бұлақты Сауран қаласына дейін алдын қазып-қазып үлкен арықпен су жеткізген. Мәдени мұра бағдарламасымен қалада қазба жұмыстары жүріп жатыр, көрсеңдер ашық аспан астындағы музей.