Көзден кетсе, көңілден кетеді дейтіндей жай ғана жігітіңіз емес, отау құрған күйеуіңіз! Шаңырақ құрған соң, оның керегесінің кең, терезесінің тең болуына сіз екеуіңіз де жауаптысыздар! Қанша жерден күмән болса да, отбасыңызды сақтағыңыз келсе, көзіңізді жұмып қарағаныңыз жөн шығар. Өйткені, мынадай сөз бар ғой, отбасын құрғанға дейін көзіңді ашып жүр, құрған соң жартылай жұмып жүр деген! Жұмысқа кетсе, отбасын асырау үшін бара жатыр ғой, оның еш жамандығы жоқ сияқты. Сене білгеніңіз жөн енді, сенбей ұрыс шығарғаныңыз өзіңізге жаман, сәл де болса түсіністік танытыңыз, шаңырағыңызды шайқалтпауға болады деп ойлаймын!