+2 дауыс
643 көрілді
достар мен компта отқанда осы күні  мойыным ауыратын болыпты сосын жалпы столда отқанда ауырады шыдатпайды сосын амалсыз жатам.Бұндпй жоқ еді осы компқа отырғаннан басталды не істеуге болады?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.

2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.

3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.

4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.

5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.

6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.

7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.

8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.

9. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.

10. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.

11. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.

Компьютердің пайдасы

«1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.

2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.

3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.

4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».
+2 дауыс
мойыныңды МРТға түсіріп көр
...