+2 дауыс
8.1k көрілді
"Кітап жан азығы","Тілім менің тірлігімнің айғағы","Болашақ кілті білімде","Тәуелсіздік ел бақыты","Туған жерге туын тік" шағын ой-толғау немесе реферат болса.....

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Тілім менің...
Қазақ тілінің зарлы халін айтып зар қақсап келе жатқанымызға аз болған жоқ. Қайда барсақ та қақалып-шашалып жататын біздің қазақ тілі. Адамның тағдыры Алланың қолында, пешенеге жазылғанды көреміз дегенді қош көретін қазағымның тіл тағдыры басқаның емес, өз қолында екендігін ұғынатын кезі келген сияқты.
Тілім менің — тірлігімнің айғағы… Егер расында осылай болса, масқара! Бір аңыз әңгіме үнемі есімде жүреді… Баяғыда біреу түлкіден: «Сен үшін тазыға ұсталмаудың ең тиімді айласы қайсысы?»,- деп сұрапты. Сонда түлкі: «Менде амал да, айла да жетеді. Бірақ ең бастысы – менің тазыны көрмегенім, тазының мені көрмегені», — деген екен. Иә, тілді дамыту мақсатында алуан түрлі амал-шарғыны қолдануға болады. Бірақ ең бастысы – ұлттық рух, ұлттық намыс. Жастары қоғамдық көлікке мінерде орын емес, «место» іздейтін, келіні қамыр емес, «тесто» илейтін бүгінгі қазақ қоғамында бұл беті ашық жара күйінде қалып отыр.
Жыл сайын әлемде ондаған ұсақ тілдер «алпауыт тілдердің» жемтігіне айналып, жұтылып отырады екен. Тілдің ұсақты-ірілігі оның қолдану аясымен түсіндірілетіндігін ескерсек, қауіптің қара бұлты қазақ тілінің көгіне де төніп тұр деген сөз.
Біздің тіліміз – шұрайлы тіл. Басқаны айтпағанда, қазақтың қарабайыр түйесінің 80 түрлі атауы бар. Осыдан –ақ сөздік қордың қауқарын долбарлай беріңіз. Осынша теңдессіз қазынаны игере алмай жатқандығымыз өзекті өртейді.
Бәзбіреулер тіл саясаты туралы сөз бола қалса, көп ұлттылығымызды тілге тиек етіп жатады. Бір сәт басқаның ауласын бағдарлап көрейікші. Франция да, Ресей де, Ұлыбритания да көп ұлтты. Айтыңызшы, бұл елдердің қайсысында тіл мәселесі төтесінен тұр? Ендеше, гәп басқада. Қоғам мемлекеттік тілді дамытуға мүдделі. Бұған дау жоқ. Енді тек жеке адамның жете түсінуі ғана жетіңкіремей тұр. Күмәндану, тілдің аянышты халін айтып, басты тау мен тасқа ұру, біреуді кінәлау, өткенге күйе жағу – тығырықтан шығар жол емес. Тілді тура жолға өзіміз бағыттауымыз керек
Тіл туралы керемет жазғансын,,,  Қазақ тілін жақсылап қолға алу қажет!!!!!!!!
+2 дауыс
Бүгінгі заман – білімдінің заманы. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген бабаларымыздың асыл сөзінің мәні енді ашылып келе жатқандай. Облысымызда жастардың білімге құштарлығы ерекше көзге түсуде. Күні кеше ғана өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде де талапкерлеріміз мақсатты межеден көріне білді. Бұл – ұстаздарымыздың қолынан іс келетін, талапты да білікті шәкірт тәрбиелеп отырғандығының айғағы.
Жылма-жыл облысымыздағы орта мектептерді мыңдаған түлек бітіріп шығып жатыр. 2010-2011 жылғы оқу жылында да солай болды.
– 2010-2011 оқу жылында облыс мектептерін 5710 түлек бітірді. Олардың 5034-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтсе, қалғаны өз өтініштері бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Оның 1113557-і «Алтын белгі», 72-сі «Үздік аттестат» алып, өз білімдерін дәлелдеді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш, – дейді биылғы түлектер туралы айтып берген Атырау облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Алмагүл Қайырлиева.
Осылайша биыл облыстың білім беру көрсеткіші орташа балмен 86,37-ні көрсетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 пайызға артық. Аудандар арасында махамбеттіктердің мерейі үстем болып, мұндағы орташа балл 100,5-ке жетті. Атырау қаласындағы ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайын екі үлкен базада өтіп келеді. Солардың бірі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі №30 ҰБТ орталығының дерегі бойынша, қаладағы №3, №16 мектептерден, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан, Исатай ауданының он мектебінен барлығы 427 бала тестілеуден өткен. Бұл топтар бойынша ең жоғары 125 балл жинаған талапкер кездеспегенімен, 160 түлек жүзден жоғары балл жинап, жоғары көрсеткіш көрсетті. Сол секілді №30 орталықта бірінші кезең бойынша аппеляцияға арыз берушілер саны әдеттегіден көп болды. Орталық жетекшісі Гүлбаршын Шомбилованың айтуынша, 55 талапкер берген жауаптарына байланысты даулы мәселемен келіп, оның бірде бірінің өтініші қанағаттандырылмаған. Соған қарағанда, қандай да бір қылаудай күмәні бар талапкердің барлығы бірдей аппеляцияға жүгінген тәрізді. Екінші жағынан бұл тестілеу процесі нәтижелерінің ашықтығы мен тапсырушы құқықтарының мүлтіксіз сақталғанынан хабар берсе керек.
Ал Атырау мұнай және газ институты базасындағы өткен тестілеу кезеңінде 5 талапкер аппеляцияға жүгінген. Оның ішінде тек екеуінің өтініштері қанағаттандырылған. Жыл сайын алдыңғы қатардан көрініп жүрген Қазақ-түрік лицейі биыл да кейіндеп қалған жоқ. Осы жылы лицей бойынша 14 дарынды жас ҰБТ-дан босатылды. Қалған 43 баланың біреуі ғана 99 балл жинаса, қалғандары түгелдей «жүздіктен» жоғары санатта. Сөйтіп, орташа 113,65 балл жинаған облыстық қазақ-түрік лицейі республикалық ҚТЛ жүйесі бойынша ҚызылОрда облысынан кейін екінші орынға табан тіреді.
Айта кету керек, Елбасы математика саласына нақты көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытта арнайы съезд де өткен болатын. Осыған орай облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің тікелей ұйымдастыруымен математика саласына ерекше назар аударылуда. Бірнеше жиындар ұйымдастырылып, жастардың математка мамандығына түсуі үшін және осы мамандықты бітіріп келген жас маманға барлық жағдай жасалатын болып шешілді.
Атырау – алып құрылыс алаңы. Облыс шеңберінде салынып жатқан құрылыс нысандарының дені – әлеуметтік нысандар. Бұл да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы.
– Елбасының тапсырмасына орай облыс аумағында әлеуметтік нысандарға жіті көңіл бөлінуде. Мәселен, білім беру саласы бойын­ша, биыл 7 нысан, яғни 5 мектеп, 2 балабақша және аяқталуы жоспарланған 4 балабақша, 14 балабақшаға жапсарлас ғимарат, үш балабақшаны жаңғырту жұмысы, сондай-ақ бір бастауыш мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек республикалық бюджет есебінен бес мектеп бой көтеруде. Бұл тақырыпқа келгенде балабақшаның Елбасы Жолдауында көрініс табуы бекер емес. Өткен жылы жаңадан балабақшалар салу, шағын орталықтар ашудың есебінен қосымша 2500 орын қосылды. Биыл тағы да 2600 орын пайдалануға берілмекші. Сонымен қатар Атырау қаласындағы «Атырау» және «Жұлдыз» мөлтек аудандарындағы 280 орындық екі балабақша бар. Қаражат болса, болашақта да әлеуметтік нысандарды салу жалғаса береді, – дейді облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан Кенжебеков.
Бұдан бөлек облыстың 35 мектебінде спорт алаңы, қаладағы «Балауса» ықшамауданындағы спорт кешенінің құрылысы жыл аяғына дейін тапсырылады деп жос­парлануда. Осылайша бүгінгі күні оқушыларымыздың белсенді демалуына және спортпен шұғылдануына қажетті барлық жағдай жасалуда. Биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 5 мектеп салынуда. Олар – Атырау облысы, Жылыой ауданы мен Геолог поселкесіндегі 624 орындық екі мектеп, Индер ауданындағы, Мақат ауданының Доссор поселкесіндегі, Махамбет ауданының Бейбарыс селосындағы әрқайсысы 300 орындық үш мектептің құрылысы. Бұдан басқа Жылыой ауданындағы 280 орындық балабақша және екі балабақшаға әрқайсысы 120 орындық жапсаржайдың құрылыстары жүруде. Аталған аудандағы «Рябинушка» балабақшасын жаңғырту, Қызылқоға ауданы, Жамансор ауылындағы бас­тауыш мектеп құрылысы жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Осылайша мұнайлы өңір жас­тардың болашағына, білім саласына барынша көңіл бөліп, білімді өңірге айналса құба-құп.
...