+4 дауыс
1.4k көрілді
Араларыңызда тұрмыстағы келіншектер бар ма? Мен аяғым ауырлағалы ашушаң,жылауық болып кеттім. Әрине ана болатыныма катты қуанам. Бірақ болмайтын нәрсеге ұрыс шығарам немесе жылайм. Бұрын ондай емес едім. Не істесем болады

3 жауап

+3 дауыс
Сабырлы бол балаң үшін!
+5 дауыс
[Мына сайттан кеңес алуыңызға болады..][1]

Жүктілік кезінде көңіл күйіңді қалыпты, жақсы, көтеріңкі ұстау үшін және өз-өзіңе сенімді болу үшін не істеу керек? Ең алдымен, бойыңыздағы мазасыздықты тудыратын себепті анықтап алу қажет.

Көптеген әйелдерге жүктіліктің ең қиын кезеңі бірінші триместр болуы мүмкін. Бұл – ағзаның гормоналды ауысуы кезіндегі әйелдің әсершілдігіне байланысты. Кейде себепсізден-себепсіз бойын ашу қысуы мүмкін. Алғашқы токсикоз да біраз әуреге салады.

Егер әйел ұзақ уақыт бойы бойындағы мазасыздығын баса алмаса, жүйкесі шаршаса, ол біртіндеп сары уайымға (жабығу, торығу) салынады.

Сары уайымға салынудың белгілері төмендегідей:
үнемі бір нәрсеге алаңдау, абыржу;
жалғыздықты және өзін ешкімге керексізбін деп сезіну, айналасындағылармен қарым-қатынасын жоғалту;
көңіл күйінің құбылмалылығы;
созылмалы шаршағандық;
күнделікті істейтін әрекеттеріне қызығушылығын жоғалту;
басының жиі ауыруы;
асқа тәбетін жоғалту немесе сүйікті тағамынан жиіркену;
түнде қорқынышты түстер көру немесе ұйқысыздық.

Мұндай белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігеріңізге айтыңыз. Мүмкін кейбір белгілерінде дәрі-дәрмектер (антидепрессант) қабылдау қажет шығар.

Қазіргі күнде жамандықтан гөрі, өмірде жақсылықтың көп екендігіне сену өте қиын. Сондықтан барлық ойыңызды тек болашақта ана болатыныңызды, сәбиіңізді жақын арада жылы құшағыңызға қысып, құмарыңыз қанғанша иіскеп-сүйетініңізді көз алдыңызға елестетсеңіз, көңіл күйіңіз лезде жадырап шыға келеді.
Жаныңызға жайлы әуендерді де тыңдауға болады. Анасының құрсағында жатып-ақ сәби сіз тыңдаған әуенді сезінеді. Немесе махаббатқа, сүйіспеншілікке толы қызықты кітаптар оқыңыз.
Кез келген жағдайда «Сабыр түбі – сары алтын» дегендей, сабырлы болуға тырысыңыз. Өзіңіздің денсаулығыңыз бен сәбиіңзді ғана ойлаңыз.

<font color='red'>Есіңізде болсын!!!</font>

Жүктілік – ауру емес, ерекше физиологиялық күй, бірнеше айдан соң-ақ көптеген әйелдер сіздің өсіп қалған ішіңізге қызығушылықпен қарайтын болады, ал токсикозға байланысты туындайтын сезімдер – уақытша нәрсе ғана.

Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін, болашақ АНА!!!


  [1]: http://ana-bala.kz/makala/жүктілік-бала-туу-кезеңдері/
+3 дауыс
Қиын екен. Психологияның өзгеруiне белгiлi бiр себеп бар сияқты.  Ананың мiнезi, қылықтары, жүрiс-тұрысы құрсақтағы сәбиге тiкелей әсер етедi. Денi сау сәбидi өмiрге әкелгiң келсе тез арада мiнезiңдегi жаман әдеттердi өзгерту үшiн күрес. Сен бiлесiң бе Алла қаласа жақын арада бауырыңа сәбиiңдi басып , емiзiп отыратыныңа сеншi. Қандай бақыт десеңшi. Бұл бақыт бiреуге бұйырған,бiреуге бұйырмай жүрген бақыт қой. Сенiң қазiргi кезiң өмiрдiң ең тәттi кезеңi ғой. Осыларды ойласаң өмiрдiң қадiрiн түсiнесiң.
Қосымша барлық аналар мен болашақ аналарға айтарым мына сайтқа көңiл бөлiңiздер.
http://ana-bala.kz/
...