Ох! керемет сұрақ... қазақ медицинасы әрине қарқындап дамуда, оған біршама дәлелдер баршылық! Шүкір деп ауыз толтырып айта аламыз!
Бұрын жасалмаған пластикалық хирургия қарқындап дамуда.
Осыдан екі-үш жыл бұрын тек Ресейде жасалып жүрген нейрохирургияда қазір өз қазақ жерімізде де жасалуда (Шыңжырбай ағамызды айта кетейін)
ДЖ денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше 1 орында нық тұрған жүрек - қан тамырлар ауруларын емдеуге арналған арнайы деспансерлер барлық облысымызда салынуда, шүкір.
100 аурухана 100 мектеп бағдарламасы да жайдан шығарылған жоқ)
Өз облысымда құрлысы жақында аяқталып біткен, ендігі ашлу салтанатын тойлағалы жатқан (қателеспесем 4 ші) емхана да жұмыс жасауға дайын. Біршама қызметкерлер де алынып қойылды.
Облысымда барлық ЕПҰ (Емдеп профилактикалық ұйым) мекемелерінда күрделі жөндеу жүргізілді.
Осы жылы ғана Қызылорда медицина колледжіне бұрын болмақан 3спорт алаңы жасалып, ішкі барлық құрал жабдықтарды жаңа технология бойынша жаңартты.
айта берсем көп ғой, мүмкін басқа облыстарды бұдан да зор алға басу болып жатқан шығар