Бірыңай мектеп формасын кию жеке имиджді қалыптастыруға кері әсерін тигізбей ме?!

+3 дауыс
572 қаралым
• Санаты: Мектеп | 572 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Бірыңғай мектеп формасын киген дұрыс. Біріншіден, бұл әдемі көрінеді. Екіншіден, мектеп формасын киген адамдардың бірден оқушы екенін аңғаруға болады. Үшіншіден, оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайларды тудырмайды. Мысалы, жағдайлары жақсы адамдардың баласы мектепте неше түрлі киім кисе, нашар тұратын отбасылардың баласы қызыға қарап, өзін кемсітуі мүмкін немесе жақсы киім киген бала жаман киім киген баланы төмендетуі мүмкін. Сондықтан бірыңғай мектеп формасын киген жөн. Ол имиджді қалыптастыруға кері әсерін тигізбейді. Мектептен тыс жерлерде, сабақтан басқа уақытта әр түрлі үлгідегі киімдерді кие аласыз ғой...

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
127,951 сұрақ
322,846 жауап
153,167 пікір
72,951 қолданушы