Ескертуіңді ескерсе, әрине жақсы болар еді. Мынауыңды оқымақ түгіл, шынайы өмірде ақыл айтсаң пысқырмайды ғой, пысқырмайды. Жалқаулық - бұл індет құртып барады. Білсем, үйренсем екен деген ой жоқ, тек жануар секілді ішсем, тышсам, жесем, ұйықтасам. Эххх.
СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК, ТҮСІНІСПЕУШІЛІК туғызатын
СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз - ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!
Сөйлегісі келіп тұрған Қолданушыларға: Агент бар...және түрлі-түрлі ФОРУМ-ға арналған сайттар.
Қостым. Еңбегіңді көрдім. Соңғы беттердегі мәліметтер жоқ-ау дейм осында...Жақсы құрыпсың. Бірақ, ОСЫНЫ АЯҚТАР Жан болса. . . .деп ем. Артынан Сайтқа енгізсек.ПлГр.
Менің бір айта кетер жағдайым бар еді. Негізі бұл сайт өте ұтымды етіп жасалған. Пікір алмасу өте жақсы, қарқынды түрде жүзеге асады. Бірақ, біз ұмытпауымыз керек, әр адамның пікірін сыйлай білуіміз керек. Өкінішке орай, сайтта бір жылдан астам уақыт отырдым, профессор атағын алдым деп мысал үшін басқа адамның пікірін өршеленіп айтылған сөздермен өшіріп жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Ондай жағдайды көп байқадым. Сайтта профессор атандым деп, дандасынудың қажеті жоқ. Тырнақтай балаға дейін әркімнің өз жеке пікірі болады, оны сен де, мен де өзгерте алмаймыз және өзгертуге хақымыз жоқ. Сондықтан бір бірімізді сыйлап, жеке пікірімізді айту барсысында өзге адамның намысына тимейтіндей етіп айтқан жөн деп санаймын.
че за шум а драки нет:)))))) давай екіге бөлінейік онда, модераторларға қарсылар мен солар жақтағылар))))) әзілім ғо, шыңы аралас))) Негізі Жако ағай менің жездем болып келеді, чут чут проще сөйлейік, үлкен кісі ғой оның үстіне, езіп тұрып жазайын да Абылай обед ішпей оқысын))) тааааааак, біріншіден: не айтсам екен, ммм ааа анау не ғой КАрина, сөзіңнің жаны бар, модрераторларға абайлап сөйлемесең жазғаныңды 1 секунта жаба салад, онай ғой, кезінде өзім де солай жасайтынмын)))
енді біліп жатырмын, жауап пен сұрақты жауап тастаған қандай ОБИДНО екнің... болмайтын сұрақты жапқан дұрыс, я ничего против не имею, но не ғо, еңбектеніп жазған екен, соны жауып тасғанға әлі жыным келіп жүр (Улпанның сұрағы))))))
осы сұрақты жабу керек екен шынында, біреулер айтпақшы "Даулы мәселе қозғауға болмайды :мысқылды күлкі смайлигі:
Сіздердікі дұрыс.. Осылай айтсам, ешкім қарсы болмайды. Оны ұқтым. Аккаунт қалай өшіремін айтып жіберсеңіздер.
Джако аға үлкен кісі болса, мені қарындасы ретінде көріп дөрекі сөщдерге жол бермеу керек еді. Жә, қойшы оны. Осы аккаунтымды да құлып салып қояр.
Мына жағдай өте ұят болды. Барлығынан кешір сұраймын. Мен кеш байқап қалдым. Ашу дұшпан, ақыл дос. Бір бірімізді сыйлайық.
Сайттың өз тәртібі бар. Бауыржан атамыз айтпақшы: Тәртіпке бағынған құл болмайды. Сәл тәртіпке бағынайық. Сайтқа қатысты ескертпе шағымдарыңыз болса Сайттың астындағы Кері Байланыс арқылы немесе маған жеке хат жазу арқылы шағымдансаңыздар болады.
Ескертпеңізбен толықтай келісемін, Алишер. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да орынды. Сайт қолданушылары барлық ескертулерге мұқият назар аударып, оларды орындайды деген үміттемін. Өзім де ескертулерді міндетті түрде ескеремін!
О міне ғажап) күннен күнге осы сайттың осындай қолданушылары көбейе берсін.Керемет барлығыменен келісемін.Айтпақшы сайтта кім редактор мен,сіз және кімдер? Сол тізімді неге админ деген жерде көрсетілмейді?
Айналдырған 35 маман бар екен, қазіргі таңда 5000 дай қолданушының жазғандарын өңдеуге үлгеремін деп жүргендерің үшін көптен - көп рахмет айту керек сендерге деп білемін.
Ермұрат , әрине боласыз аласыз!!! ___ Редакторға қойылатын талап: Қазақ тілін жетік білу, қазақ қаріптерімен жаза білу, сауатты болу,Сайтта кемінде бір жарым, екі ай стажыңның және Сайтқа пайдамды тигізгім келеді деген мақсатыңның болуы. Егер осы критериге сәйкес болған халге жетіп, Админге кері байланыс арқылы Өтініш жазсаң, Қатарымызға қосылдың. Іске Сәт. Ал маман болу үшін бұдан азырақ білсең жеткілікті, модератор болу үшін көбірек білуің шарт.
Редактор және модераторлар байқасаңыздар соңғы уақытта көбіміз белсенділік танытып жүрген жоқпыз. Оқуымды бір жақты етіп алдым, енді өтінішім бар:
Менде бір ой бар еді бұрын біреуге айтқанмын, ол олай болмайды ешкім келіспейді деді. Жаңа Әлішер ағайға айтып көрдім келіскен сыңайлы енді айтарым:
Барлық санатты бөліп алайықшы, барлығы сайтта 33санат болса 19 модератор, редакторлар бар екен енді әрбіреуiмiз 1-2санаттан алып, сол санаттың міндетін мойнымызға алайық. Сол санаттағы өңделетін, жасырылатын сұрақтар, санатын ауыстыру, өңдеу, жабу барлығы сол адамның міндеті болып табылсын, әйтпесе мына өңделетін сұрақтар саны қаншама қай шетінен бастарымды да білмеймін........
Так ондай былай істеймін мен бәріне бөліп беремін.Сіздер қарсы шықпаңыздар.Ал, қарамаймын зат-матыңызға берген санатты мойныңызға іліваласыңдар
Абдыров Асылбек мырза сізге өмір,тіршілік және сурет видео санаттарын сізге тапсырамын.СОЛ САНАТТАҒЫ ӨҢДЕЛЕТІН, ЖАСЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР,САНАТЫН АУЫСТЫРУ,ӨҢДЕУ,ЖАБУ БАРЛЫҒЫ СОЛ АДАМНЫҢ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛСЫН
Жұмбақ қыз - кешір, маған өмір, тіршіліктің орнына (Surak-zhauap.kz туралы (566) бере салшы, өмір анау-мынау дегенге көп түсіне бермеймін!!! Немесе Техниканы!!!