+1 дауыс
13.3k көрілді

3 жауап

0 дауыс
бұған кінәлі интернет деп ойлаймын))
+2 дауыс
[мына жерден қарап көр][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/58050/
Тұйық мінезді өзгертуге бола ма?
<font color='fuchsia'>Әрине, әр адамның табиғат берген мінез–құлқы бар, оның тағдыры да соған тікелей байланысты. Біз психологияның ғылыми терминдерімен емес, әр адамға түсінікті ұғымдармен жауап беріп көрейік. Бір адамды ашық мінезді, кейбірін тұйық мінезді деп есептейміз. Олардың қай – қайсысының да пайдалы да, зиянды да тұстары бар, кейде адамдар осындай мінез – құлықтарынан опық жеп те жатады. Ал, табиғатынан түрліше жаратылғанымен, әлеуметтік ортасына байланысты өзін–өзі тәрбиелеу арқылы мінез–құлыққа қатысты проблемаларын шеше білгендіктен ортасына сыйлы адамдар да аз емес. Өйткені, өзін тәрбиелей білудің адамның мәдениетіне, отбасында алған тәрбиесіне де қатысы бар. Адамның мінезін түгелдей өзгерту мүмкін емес, бірақ, оған жақсылық әпермейтін кейбір қылықтарды жоюға тырысу әбден қажет.
 Қыз баланың аузына сөз тұрмайтын тым ашық болуы, немесе,  ешкімге тіс жармай бәрін ішіне жинайтын өте тұйық болуы –өзіне де, айналасындағыларға да жақпауы мүмкін. Сондықтан, шама келгенше таразының екі басын тең ұстауға үйренген абзал.
 Тұйық мінезді өзгертуге тырысу қыз баланың өзіне де, оның жанашыр адамдарына да, ұстаздарына да байланысты. Ондайда сырласа білу, оның пікірін білуге тырысу, айналадағы құбылыстарға баға беруге тарту – үлкен шеберлікті қажет етеді. Өкінішке орай, бізде этикалық тақырыптардағы семинарлар, адамның өзіндік мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін педагогикалық, психологиялық тренингтер кең тарай қойған жоқ. Сондықтан, кейбір жағдайда тұйық мінезді ұлының, немесе қызының тілін таба алатын ата – аналардың өздерінің білімдері мен тәжірибелері жетіспей жатады.
 Тұйық болудың себебі тіпті адамның мінезінде емес, оның белгілі психологиялық жағдайларға байланысты өзімен өзі болуға ұмтылыстан да болады. Бұл әсіресе, жасөспірім кезде жиі кездеседі. Ол ата – ана, мұғалім  тарапынан түсінбестік, кеміту, өзіне сенімін жоғалту, т.б. жағдайларда пайда болуы мүмкін.
 Педагог – психолог ғалымдар айтуынша, адамды жас кезінде ашылуға үйрету қажет, өйткені, жас адамның тіпті өзі де білмейтін қырлары өте көп болады. Бір сала жасөспірім үшін алынбайтын қамал болса, ал бір салада оның мүмкіндігін ашуға жол шығуы мүмкін.  Сондықтан, әр жас адам өзін өмір бойы дамытып отыруды мақсат етіп қоса, оның талай биіктерді алатыны сөзсіз.    
Қазіргі заман білімділікті ғана емес,  бәсекеге қабілеттілікті қажет ететін заман. Сенің болашағың тек біліміңде емес, өзіңді көрсете білу, өзгелермен қарым – қатынас жасай білу, араласа білу, сөйлесе білу, өз ойын еркін айта білу сияқты  қабілеттерді қажет етеді.  Әр жас адам өзін табысты, алдыңғы қатарлы маман болуды арман етеді, оған тұйық мінезділіктің де кері ықпал етуі мүмкін.
 Тұйық мінезді жоюға тырысу үшін түрлі тренингтерге қатысу, арнайы әдебиеттерді оқу, өз ойын жазып жүру,  ойын ең сенімді адаммен бөлісу.</font>
Сәлеметсіз бе?! Менің әпкемнің бірінші сынып оқитын қызы тұйықтау мінезінің кесірінен бе, сыныптастарының көлеңкесінде қалып қояды. Сабақты жақсы оқиды, өте сауатты. бірақ апайы сұрақ қойғанда жауабын біліп тұрған болса да дауыс көтеріп айтпайды.  Не істеу керек? Қазірден бастап қолға алмаса солай тұйық болып қала беретін шығар... Уайымдайтын жайт...
Еш уайымдаудың қажеті жоқ, менде 1 сыныпта дәл сондай болғанмын. Кейін өсе келе ашылады.
0 дауыс
Сәлеметсіздерме.Мен де кейде тұйық, кейде ашықпын.Бірақ көбіне тұйықпын.Шынымен психологиялық тұрғыдан менде мәселелер бпр секілді.Мысалы көп ойланамын, тез көңіліме аламын, көп нәрсеге "негее"деп ойлана беретін болыппын, бір нәрсе болса өзімді төмеен санап, қолымнан келмейді деп жүрем.Тіпті өзіме жақын туыстардың ,сыныптастарымның жанындада емін еркін жүре алалмаймын.Соңғы кездері көп жылайтвн болдым.Сабағымда төмендеп барады.Мұғалімдерменде анығврақ сөйлесе алмайм.Айтқан сөздеріне қатты ойланамын, көңілге алам.Жұрттың бәрінің мені жек көргенін, маған қарсы сөйлегенін қаламаймын ау осы.Білмейм әйтеуір шешімін таппай жүрмін.Әлде психологқа бару керек пекен?!
...