Белгісіз Аспан әлемі, Ғарыш | 5.9k қаралды
5.9k қаралды
Аспандағы жұлдыздың ағуы нені білдіреді?:^)

8 жауап

Адамдар әрбір адамның  өзінің жұлдызы болады деп ойлайды.  Адам туған күні аспанда оның жұлдызы да туады, ал өлгенде  жұлдызы да сөніп,  ағып кетеді деген түсінік бар. Ал расында, жұлдыздар аспанда адамдар үшін туып немесе біреудің өліміне  байланысты сөніп, ағып кетпейді.
Ағып бара жатқан жұлдыздарды аспанда өте жиі көруге болады. Мұның себебі Аспаннан ағып түсетін жұлдыз емес. Аққан жұлдыз болып бізге көрінетін  нәрсе біздің айналамыздағы ауада өте үлкен жылдамдықпен ұшып жүретін кішкентай  қатты  бөлшектер. Кеңістікте мұндай көп ұсақ бөлшектер әр түрлі бағытта жүреді.  Күн төңірегінде шапшаң  айналған кезінде Жер бұлармен жиі кездеседі. Ұшып келе жатқан қатты зат жердің ауасын зор шапшаңдықпен кесіп өткен кезде, кенеттен қатты қызып, тұтанып кетеді. Ұшып бара жатқанда ол артынан жарқыраған із қалдырады. Бізге жұлдыздардың біреуі  орнынан ағып түсіп,  атқан  оқтай Жерге қарай ұшып бара жатқан  сияқты болып көрінеді. Сонымен, «аққан жұлдыздар»  метеор құбылысы деп аталады. Міне,  бұл құбылысқа жұлдыздардың  ешқандай қатысы жоқ екенін байқап отырсыздар. Жұлдыздар өз орындарында әдеттегіше жарқырап  тұра береді.
Жақсы Жауап
Мен үшін ешқандай мағына бермейді ол табиғат заңы бойынша жүретін процесстерге бағынады және тұрақты жұлдыз құламайды физика заңы бойынша түсіндірілген яғни бұл ағып түсетін жұлдыздар Құйрықты жұлдыздан пайда болады.  (қателесуім де мүмкін)
Білдіретін ештеңесі жоқ. Ол  - Метеорлар. Уақыты келе, бағытынан ауытқыған метеорлар Атмосфераға кіріп ,буланады да  жарқырауыш із қалдырады. Біз байқап жүрген Жұлдыз ағуы осы құбылыс...  
 
Ал ырымшыл болсаңыз, аспандағы жұлдыздың ағуы оның жердегі егізінің өлімі деп есептелмек.  
....:::::::;;;;;;;; (*)
Ол ешқандай жұлдыз емес, Метеорлар ғой, космосты бағытсыз кезіп жүретін кішкентай денелер,  Буланғанда не ғой, атмосфераның қабатына жеткенде ауамен үйкеліске ұшырап, тұтанып жерге жеткенше жанып бітеді, (әрине ірілері жерге жетіп құлап жататындары кездеседі), ол жанатындықтан жарық шығаратыны сондықтан, күніне жер бетінің атмосфера қабатына жүздеген метеорлар құлайды екен.
Оны әркім әртүрлі айтады мысалы Ескендір табиғат заңы дейді, Әлишер Метеорлар дейді, мен сенің айтқаныңды дұрыс деймін, жалпы апайымыз айтып еді, аспанда тастар ұшып жүреді деп, олар бір сағатта жерді айналып келсе, одан бір секунд қалып қойса да тастар яғни жұлдыздар соғысып, ол ағып кетеді деп!!!
Всем салам! Жұлдыздың ағуы аспанды кезіп жүрген метиориттердің немесе кометалардың өте жойқын жылдамдықпен қозғалуынан жәнеде аспан денелерінің бір-бірімен соқтығысуынан Жер атмосферасына енгенде қызып шоқ немесе із қалдыра ұшады. Яғни, жылдам аққан секілді корінеді, дегенмен ол басқа бағытта ұшып бір жерге енуі, түсуі мүмкін.
Всем салам! Иа, өте орынды пікір. Жалпы, жұлдыздың ағуы аспанды кезіп жүрген метиориттердің немесе кометалардың өте жойқын жылдамдықпен қозғалуынан жәнеде аспан денелерінің бір-бірімен соқтығысуынан Жер атмосферасына енгенде қызып шоқ немесе із қалдыра ұшады. Яғни, жылдам аққан секілді корінеді, дегенмен ол басқа бағытта ұшып бір жерге енуі, түсуі мүмкін.
Егер адам аспанда аққан жұлдызды көрсе,оның жақындарының біреуі жақында өледі деген сөз. Аққан жұлдызды көрген кезде"ЖҰЛДЫЗЫМ ЖОҒАРЫ" деп айту керек.
118,552 сұрақ
305,745 жауап
153,303 пікір
68,177 қолданушы