Қазақтың өз сәлемдесу дәстүрі бар, қыздардың олай амандасуы ежелден келе жатқан дәстүрімізге жат, соңғы кезде кірген әсіредіншіліктің кесірі.
"Ассалаумағалейкум" араб тілінде бұл сөздің дәл солай айтылуы – “Салем әлейкум” және “Әлейкүм салем”. Аудармасында “Салем” – “Бейбітшілік”, “Әлейкүм” – “Сізге”. Сонда біздердің сәлемдесіп жүрген сөздеріміздің мағынасы – “Бейбітшілік Сізге”, “Сізге де бейбітшілік” болып шығады екен. Бұл жерде ешқандай "Алланың нұры жаусын" деп аударылмайды.
Біздің халық бұл сәлемді ерекшелеп, салихалылық беріп, “Ассалаумағалейкүм” деп, негізгі мағынасын бұзбай ажарландырған, айбат берген.
Бұлай амандасу, сәлемдесу біздің өмірімізге Исламмен бірге келгені сөзсіз, біздің халық ұлттық дәстүрлерімізді осы Исламға негіздеп, қайшылық болмайтын етіп, өмірлеріне енгізген ғой.