+2 дауыс
453 көрілді
күнен күнге жоғары шығып барамын
мен бұрынғыдай емес мүлдем өзгердім
мен өз жолымды, өз бағымды таптым
сенісен бірге болу үшін мен барлығына дайынмын
мен сатпаймын, маған сен, сенімінді ақтаймын
жүрегімнің жартысын жұлып беремін
сен тек жіберме, мықтап ұста
Біз барлығынан өтеміз де бірге боламыз,
сенде жаңа өмір басталды, енді бәрі жаңаша
тағдыр не күтіп тұрсада, мен соған дайынмын
өтінемін жыламашы, мені қатты құшақта
сенің жүрегіннің дүрсілін естігім келеді
саған құштарлығым, ауру секілді
мен сенің өмірінде, сенің еркіндемін
ештенеге қарамастан тек есіңде болсын
осы әнтек өзіне арналған!

кімнің әні екені бірден естеріңізге түскен шығар, бірақ бұл маңызды емес, ұйқасын бірге тауып көрейік

2 жауап

+3 дауыс
Жоғары шығып барамын күннен күнге,
Баяғы Алихан өзгерді танымайсың мүлде,
Мен өз жолымды, бағымды таптым міне,
Барлығына дайынмын болу үшін сенімен бірге,

Жүрегімнің жартысын жұлып берем,
Керек десең айды да алып берем,
Сен тек жіберме, мықтап ұста,
Мықтап ұстап басталды өмір сенде жаңа,

Төтеп береміз тағдырдың сындарына,
Өмірдің асау толқындарымен алыса,
Мен соған дайынмын өтінемін жыламашы,
Бауырыңа басып мені қатты құшақташы,

Ауру секілді менің саған құштарлығым,
Қайда барарымды білмеймін жоқ бағытым,
Қожайыны болдың еркімнің және жанымның,
Жүрегімнен шыққан мұңды ән ретінде жаздым,

Не ғой? Кімге? Қызыңа ма?
Ұйқасып-ақ тұрғандай) кімнің өлеңі болды бұл?
Одан да білмей-ақ қой. Көзбен көріп, ішпен біліп жүре беріңдерш.
Мені мақтама адамзат,
Мақтасаң түкір,
Мені қолдаған Құдайыма мың шүкір!
Джиган мен Юляның "Отпусти" деген әнінің екінші куплеті го,  Шаг зе шагом, иду все дальше, я уже не тот которым был раньше, я нашел свой путь свою отраду, и тперь отдам все чтобы быть рядом,  осы оленді от и до жаттап алгам тындай беріп))) музыкасы, Джиганттың даусы бәрі керемет! (тфа тфа сізге де Джиганға да)))
Орысшаға әуес емеспін. Тек Гуф, Ак47, Бах ти осылар болмаса? Тыңдағанда да сүйсініп емес. Қазақ болғаннан кейін тек қазақша. Қазақша эстрадалық өлең, қазақша рэп.
қазақша рэп деңгейі әлі де төмен, әзір тындағым келмейді. Иә, бірақ біртіндеп дұрысталып келе жатқаны байқалады. Ал Бахтидің өлендері... керемет, әсіресе "Любви достоина только мама" деген әнінің сөзі де клипі де керемет. "ты меня не стоишь" бұл да керемет!
Төмен екені рас. Бірақ жырды шебер жазатын Жақау сияқтылар санаулы. Қалғандары бла-бла. Ұйқасы да жоқ. Сөздері тақпақ. Қысқасы ардагер рэперлердікін тыңдайм.
Бахти тыңдасам бәрі эмоциям сыртқа шығады.Соның сөздерінен кейін жасаған істеріңе өкінесін, бірақ амал не қыз баламын......
+2 дауыс
Күннен-күнге шыңға өрлеп барамын,
Өткен күндер артта қалды, шынарым!
Өз жолымды, өз бағымды таптым мен,
Өзіңменен бірге болу арманым!

Өзіңді мен ешқашан да алдаман,
Сенші маған, алтыным, армандаған,
Жүрегімнің жартысын жұлып берем,
Мықтап ұста, жіберме, мені мүлдем!

Бар өткелден қол ұстасып өтеміз,
Сенде жаңа өмір болмақ, өткен күнді не етеміз!
Дайындасын тағдыр бізге сыйларын
Құшағыма ен, еш қиындық бөгет болмас,
Арманымызға жетеміз!

Мәжнүн болдым Ләйліге асыққандай,
Құштар болдым өзіңе, сезім қандай...
Жүрегіңнің дүрсілін естісемші...
Өзіңе деген осы әнмен,
Сағынышым сәл ғана басылғандай...
сіздің тапқан ұйқастарыңыз через чур кеметет))) :рахмет айтып тұрған самайл: ))

Ұқсас сұрақтар

...