Жоғары шығып барамын күннен күнге,
Баяғы Алихан өзгерді танымайсың мүлде,
Мен өз жолымды, бағымды таптым міне,
Барлығына дайынмын болу үшін сенімен бірге,
Жүрегімнің жартысын жұлып берем,
Керек десең айды да алып берем,
Сен тек жіберме, мықтап ұста,
Мықтап ұстап басталды өмір сенде жаңа,
Төтеп береміз тағдырдың сындарына,
Өмірдің асау толқындарымен алыса,
Мен соған дайынмын өтінемін жыламашы,
Бауырыңа басып мені қатты құшақташы,
Ауру секілді менің саған құштарлығым,
Қайда барарымды білмеймін жоқ бағытым,
Қожайыны болдың еркімнің және жанымның,
Жүрегімнен шыққан мұңды ән ретінде жаздым,
Не ғой? Кімге? Қызыңа ма?