0 дауыс
19.6k көрілді
Баланың айдарын қию туралы ырым бар ма? сол туралы толығырақ,,,

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақта «айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп,  көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.
 Айдар койған балаға арнап мал сояды. Ауылдағы ақсақалдарды       шақырып, баласына бата алады. Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ «айдар шашты» баланың бәріне бірдей қоя бермеген деген де сөз бар. Негізінен зарығып көрген балаға айдар қойған дейді. Ал ертеде көп жағдайда хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және өзінің орнын басады-ау деген балаларына ғана айдар қойған екен. Айдарды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ержеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.
коп ракмет!өзгелердің де жауап бергенін қалаймын!
–1 дауыс
Шаштың бір бөлігін қиып бір бөлігін қалдыру туралы хадистерде былай айтылады:
*"Бірде Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басындағы шашы жартылай қырып, ал қалған бөлігі қырылмаған баланы көріп, оларға  олай істеуге тыйым салып былай деді: «Не шашты түгелімен қырыңдар, не болмаса еш тиіспеңдер».*
Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
*Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бастың бір бөлігін ғана қыруға тыйым салатын.* Аль-Бухари, Муслим.
Хадистерден көргеніміздей айдар қалдыруға Исламда тиым салынған.
Аллаһ жақсырақ біледі.
0 дауыс
Баланын шашын он үшке келгенде алады дид. Бірақ нағашылары өздери той жасап алады деп естідім. Сол рас па?
Салеметсизбе балама айдар шаш койп едим енди соны неше жасында алу керек екен билмеймин 5 ке шыкты алып бир мал сойып ырымдасам болама алде 5жаста болмайма алуга
0 дауыс
Менің баламда айдар шаш бар қазір жасы 3 те бірақ кеше сүнндеттелді негізі 5 /7 /13 жаста кеседң дейді менде 5 жаста кесейінба әлде уже кесе берема сүнднттелгеннен кейін
...