0 дауыс
Сұрақтың жабылу себебі: Жауап қанағаттандырды деген оймен жабылды
26.01.2012 2.8k қаралым

1 жауап

+3 дауыс
"Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні

Әні: Ұлықпан Жолдасовтікі

сөзі Ринат Зайытовтікі

Асып-тасып, төгілетін,
 Алқынып ұшатын көңіл-ай,
 Өзгерместей көрінетін,
 Баянсыз бес күндік өмір-ай,
 Тасқын болып, тасып тұрған
 Жастық шақ алдады таңдамай
 Әлденеге асықтырған
 Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:

Өмір-өзен ағады, әттең,
 Өкініштің алауы
 Жанымды өртеп барады.
 Өмір-өзен ағады, әттең,
 Менің жаным жаралы
 Қай жағада қалады?

 

Дүниеге алданады
 Қомағай көзіміз тоймаған.
 Бірақ соның бар ма мәні,
 Тек оңаша үнсіз ойланам.
 Өткізермін өмірімді
 Шабытты оздырып сағатқа,
 Жүректегі сенімімді
 Сөндіре көрмеші, жаратқан.
26.01.2012

Ұқсас сұрақтар

127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,970Қолданушы