+9 дауыс
794 көрілді
Сайттың стихиясы/ әңгімесі бітпеді... Дегенмен, Даму жолындағы ІС !


Былай ғой, Сайтта Атақ-Статус үшін Бәрін істейтін қолданушылар бар тәрізді ........шынымен, Бар екен.      ( Аноним) Ағамыздың сұрағынан кейін туындаған ұсыныс:

1. Басқа Қолданушының сұрағына не жауабына "+" қою мүмкіншілігін жартылай шектесе....Яғни, "+" дауыс берудің шегін қалыптастырса...Ондай бар екен, алайда 5-6 -ға дейін қысқартса....!

2. Басқа Қолданушының сұрағына не жауабына "+" қойғанда, сол "+" Өзіңе дарымайтындай етсе ..!.!.!.!        Орын алған  мысал:   Баллдарын көтеру үшін кез келген барлық  жауапқа "+" қоя беретін Қолданушылар бар. Бір түнде, 200-300-ден аса дауыс жинап алмақ Олар. [Жинасын, өссін, алайда ТаЗа жолмен..]

3.Бір Қолданушыдан :       ОҚЫТУШЫ мен МҰҒАЛІМ бір ұғым емес пе.... ?.     Сол себепті: Дәрежелердегі  осылардың біреуін алып тастаса н/е өзгертсе!!!    - дейді. Шынында солай ма?!     Ойларың ?

4. ДӘреже баллдарын 0,5 есеге  арттыру дегенге ...?!     

PS:     Бұл сұрақ біреудің дәрежесін қызғанудан, не біреуді кемсіту, қорлау мақсатымен қойылған жоқ. Таза фактілерге сүйеніп қойылып отыр.Сайтқа тиер аз да болса, пайдасы болмақ.   (fingers)

12 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия орынды сұрақ.  Бірақ техникалық тұрғыда сен айтқандай істей алмайды екенмін. Мен үшін тым қиын. Ол үшін сайт істеп  тұрған движоктың ядросы есептеу системасын басқаша жазып шығуға тура келеді. Мен қазір шынымды айтсам бұл турасында ойлана да алмай жатқан жайым бар,  (u) жаралы болып қатты қиын кезеңді бастан өткізіп жүрмін. Шынымды айтсам 1-2 күн болды қатты қиналып кеттім. Өзіме-өзім келіп алайын сосын бұл жағын тағы да қарастырып көрейін.
Негізі басты мақсат балл жинау емес деп санаймын. Шын қолданушыны жазған жауабына қарай сайттың адамдары танып, еңбегін бағалап жатады. Мен де құр қарап жүрген жоқпын, ондай жігіттер мен қыздарды маман, редакторға алып жатырмын. Бастысы пайдалы сұрақ пен сапалы жауапты қалыптастырсақ. Ал балл жағына келсек қарастырып шешімін кейіндеу айтармын!
Толық жауап бере алмасам айыпқа бұйырмассыздар, қазір басым да істеп тұрған жоқ.
~ Түсінемін. Жеке Өміріңде бәрі қалыптансын!       ...Шешімін күтеміз...
Ербол, Жауабыңа Рахмет.
+7 дауыс
1)Мен қарсы емеспін
2)Дауыс беретін өзі шығып тұрғо мен саған дауыс беріп жүрмін,сонда дауыс бергенде өзіне ұпай қосылмасын дегеніңіз бе?
3)Менің ойымша оқытушыны алып тастаңыз,мұғалім тұра берсін

Сұрақ қойғаныңызға рахмет!Осы сайтқа жақсы ұсыныс жасадыңыз!
Иә, Айсара, дауыс бергенде өзіне ұпай қосылмасын дегенім. Сізді айтпаймын, бірақ, Көптеге-е-е-ен Қолданушылар Ұнаса да , ұнамаса да БАРЛЫҚ жауаптарға "+" қойып кері қимылмен "Арзан" бағамен көтеріліп жүргені......БіР Түрлі )   Сізге де рахмет.
Оқасы жоқ, Әлішер.
+5 дауыс
Жақсы ұсыныс. Тек Мұғалім де, оқытушы да тұра берсін атын ғана өзгертсе болады. Ал + беру мүмкіндігі шектелмей-ақ қойса қайтеді, тек + қойылған жауап немесе сұрақ иесіне ғана 1 балл берілсін де, ал + қоюшыға берілмей-ақ қойсын...
Пәлі, Ербол шашыңыз ағарып кетпесе боғаны....)))
Дәл СоЛай..Көркем.  ~ пәлі, Ағарса да  Еңбегінің жемісін көріп жатыр)
+7 дауыс
Мысалы бір қолданушы күніне тек қана 5 жақсы дауыс беруге болатын болсын дегіңіз келіп тұр ғой, әрине болатын сияқты, онда минус қоюды да шектеу керек қой  

Мұғалім мен оқытушының біреуін алып тастағанда 500 балдан 1000 балға бір-ақ секіреді, тұра берсін, тек қана  біреуінің атын өзгерту керек сияқты
+6 дауыс
Сосын ответы@майл.рудағыдай қойылған сұраққа 3-5 балл шегерсе, мәнді, сапалы сұрақтар ғана қойылар ма ед...
Өте жақсы ұсыныс. Алайда шегеріле -шегеріле Минусқа кіріп кету қаупі бар ғо....іііфффққққыыы. ?! _)
+5 дауыс
жақсы ұсыныс,сіздің айтқандарыңызбен қосылам.Бірақ оқытушы тұра беріп,мұғалімнің атын өзгертсе болғаны...................
Былай өзгеріске ұшыраса:

Профессор
Данышпан
Доцент
Кандидат
Ойшыл
Шебер
Аға оқытушы
Оқытушы
Студент
Талапкер
Оқушы
Бүлдіршін

Жалпы өзгертпей-ақ қойса да болады....
лаборант ойыма осы келгені, қалай ойлайсыз?
Оқытушы қайталанбай, мұғалім болСа....Басқа қолданушылар да байқап көрсе......- Қарсы емеспін. ЛаБоРаНт. Ммммм.ұнаДы.Міне Тапқырлық!  Лабороторияда жүрмесекКкк)
Білгір, көшбасшы, дана, оқымысты деген сияқты болса...
Тіпті керемет. Ойға келмеген-ді. Болар деген үміттемін. Админнің өзі де жауап қайтарсААА!!!!!!!
Ее,мұғалiмдi жоқ қылуға болмайды. Кiм сенi адам қылған.:-D
Белгісіз
Кiм сенi адам қылған? _ XD )))  ))
+6 дауыс
Дұрыс, қазір бесіктен белі шықпай профессор болу деген енді...Бір түрлі екен.  Кейде өзім де қысылып қаламын, өте жақсы жауап бергендермен менің даусым бір деңгейде тұрса... Әркім аузын а дегенге +1 бере береді.. Вот, көбі озып кетіпті. Мен де бұрын солай ойлағам, қазір ойласам атақ-даңқ кімге керек емес дисің? Бірақ, өз еңбегінмен жеткен орынды.
Мен данышпан  дәрежесіне жеттім, бірақ мен вундеркинд немесе бәрін біліп туғаным жоқпың. http://www.google.kz/ - ға қойылған сұрақтың орысшасын қойып, алынған мәліметті барынша қазақшаға мағыналы аударуға тырысамын. Сіздер де дәл осылай істесеңіздер де болады. Бұның өзі еңбек. Мен данышпанмын,  сол дәрежеге  лайық емеспің. Лайық емеспің дегенде, профессор болғым келеді дегенім емес. Мен оқушымын, оқуышының дәрежесінде болғым келед.
+1. Өте орынды жауап, Ержан~ .Өте орынды ....!
+5 дауыс
ұят болса да айтайын: бір рет мен осы сайтқа інімді тіркеп, оның бергрен жауаптарын аңдып отырып + қоятынмын. бір күні қарасам: ініме берген +тер есептелмей қалыпты: содан өзімше былай ойлап қойып едім: сайт автоматты түрде бір адамға үнемі бір адам + қоя берсе есептемей тастайтын антиспам сияқты бірдемесі бар шығар деп. Әлде мен қателесіп дұрыстап мергендемей + бастым ба екен. бірақ өзім солай ойладым да қойдым.


енді жауабым:

1. шектеу қажеті жоқ сияқты. сайт жаңарған сайын керісінше қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі азайып бара жатқан сияқты байқайсыңдарма?

2. былай етсеқ қалай болады екен. қайта қызық болатын сияқты: егер менің жауабыма сен +1 қойсаң менің балымма +1 қосылады да ал сеннен керісінше -1 алынады )) әділ емеспа? балл жоқ жерден пайда болмайды, тек біріміздікі азайып біріміздікі көбейіп отырады )) ақша сияқты))

3. дәрежені 20-30ға дейін көбейту керек деп ойлаймын. что б стимул болсын

4. иә ;)


қысқасы МЕН ҚАРСЫМЫН xD
ҚК, Абылай.      

2. АнтиСпамын білмедім......Бауырың Белсенді Қолданушы ма?! _  " -1 "   алынады дейсің бе....Көңілімнен шықты! -дей тұра....!!!
абыржыма інім сайтқа кірмей кеткелі қай заман, мен заставить етіп тіркетіп едім, қызықпады.

дай тұраңды жаза кет...?
Мынауың жарады. Егер минус қоятын болса, өзінікінен минус кетсін дегенің.
дей тұра.....Көңілімнен шықты! -дегім келіп еді. )
ия менде 5айдың ішінде профессор болып алдым енді мәңгі профессор боламын ба? бұрын о мұғалім болдым деп мәз болатын едім...енді не істеймін.....
Қайтіп Аккаунт ашыңыз -Десең..))              Ойланатын жағдай, Жұмбақ қыз.
+5 дауыс
1) Мен үшiн түсiнiксiз болды.
2) Мен де қосыламын.(немесе 0,5 есеге қысқарту керек, яғни 4 рет дауыс берсе 1 балл қосылсын).
3) Мұғалiм мектепте , ал оқытушы ЖОО болғандықтан өзгерiссiз қалса болатын сияқты. Мұгалiм болып жүрiп оқытушылыққа ауыссаң дәреже ғой.
4) Бұл ұсынысқа келiспеймiн, себебi санның есептiк жүйесi бұзылады және арада алшақтық пайда болады. Дәреже көтерiлген сайын белгiлi бiр баллды қосып тұруға болады
Пікірің орынды.  Қолданушылардың көзқарасымен Соңғысы өзгеріске ұшырамайтын сыңайлы. Жауабыңа Раха, Медетбек.
+2 дауыс
Түшшшш үндеме тұра берсін. нен бар )))) Бірақ мені ойландырып тастады ғой
+3 дауыс
Шыныменде, екі сөздің басын қоса алмай, а,ә,б,в - дегендерге +1 бере беретіні несі?
Әділдік жоқ, тамыр таңыс бедел алып кеткен
+3 дауыс
Шынымды айтсам балл жинау,атақ дәреже деген менi қызыктырмайды екен,дегенмен өз пiкiрiмдi бiлдiре кетейiн.Әрине әркiмнiң өз пiкiрi бар,баллды қысқартар болсаңыздар барлық қолданушылардың баллын 0 ден бастау керек болады неге десеңiздер сiздер өздерiңіз профессор болып алғаннан кейiн бұл теманы қозғап отырсыздар. Олай етудiн еш қажетi жоқ,барлығы сол қалпында тұра берсе қайтедi?
...