+3 дауыс
5.4k көрілді
Шеше, сен бақыттысың
        Шеше,
 Сен бақыттысың!
 Жыламағын.
 Жай түсіп жатқанда да құламадың.
 Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
 Сондықтан жыламағын, жыламағын!
 Бармын ғой,
 Тірімін ғой,
 Қасыңдамын.
 Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
 Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
 Байырғы берекеңді қашырмағын!
 Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
 Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
 Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
 «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
 (Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
 Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
 Шеше!
 Сен бақыттысың, тербете бер,
 Құба талдаи иілген бесігімді...
Өлеңінің мағынасын ашып берінізші....
толық етіп шығарма түрінде жазып бересіз бе????

3 жауап

+2 дауыс
Анасын сыйлап,құрметтеп құдайға теңеген ғой Мұқағали
+2 дауыс
anasina ewkawan kaigirma men mangilik janinda juremin ozindi bakitti sezin men janindamin sen bakittisin
+1 дауыс
Тамаша сұрақ. Тамаша классик ақынның Керемет Жыры..."Анашым" деп соққан жүрекке қалай риза болмассың?!
"Шеше, Сен  Бақыттысың!!!" - Анасын Бақыт шуағына бөлгісі келген Балалық жүрек лүпілі, сүйіспеншіліктің  көрінісі . . . Әлдилеген ақ қолдарынан өсіп-өніп, жетілген Мұқағалидың Анасын қатты құрметтегені күмәнсіз. Сен / Сіз - қалай айтылса да , жақсы ниетпен, сыйластық реңкпен айтылса болды емес пе?      ---  Жыламағын... иә, Анасы соқтықпалы қасіретті көрген, түсінген. Аштықпен тұспа-тұс келген заман . - бір кем дүние. Анасының көз жасын көріп өскен бала қайтсын ?!       ___ дәл осы жолда тура мағынада айтылды деп ойламаймын. Шешесін жылап отырған кейпінде емес, өмірде кешкен қиындықтарға төзе алса да, жанын қайраған ішкі күйзелісін бір уаққа келтіріп, қазіргі жағдайын жазғаны боп есептелмек. "Жай түсіп жатқан да да құламадың" - Ана деген БАЛАМ десе, түн ұйқысын бөлген емес, ұйқысыз өткізген аяулы Жан, сірә. Өмір кезеңінде қандай Жол бөгеу факторы  болмасын, шыдамдылық танытып, жақсысын асырып, жаманын жасырып жүрген абзал Жан. Меккесіне апара алмаса да, бар ынтасын Анасына арнады. Бәрінен өте білдің, осы күнге жете білдің  деп жар салған Мұқағали.  Бұл жолды жазудағы мақсаты да сол.. "Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
 Сондықтан жыламағын, жыламағын!" - бәлкім, Анасының Алладан тілеуі Ақылды, азамат баламды дүниеге келтірші деген заңдылықты ұғынғаны болар.түсінгені болар...иә, дәл солай.
"Бармын ғой,
 Тірімін ғой,
 Қасыңдамын.
 Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!" --- Несіне  қайғырдың, жаным-Анашым ?! Қасыңда Сені тастап кетпейтін Мен бармын ғой, алаңдама,ардақты  Ана, Өзіңдей Асыл Жаннан туған  есті Баланың бірі Мен едім...Несіне өкпеледің?! --* қоя қойшы, болмысыңа әрқашан да тәнтімін, Анам -дей қойған сананы айтсаң, сезімді айтсаң . . .      " Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын!" --- Себеп салдардың артығына қарамастан, көңіліңді түсірмен, тынышты ала ғой, Шеше...Жастықтың өткеліндегі берекеңді, қуанышты сәттеріңді есіңе алшы, қалай осыны жоғалтпақсың ?! - Анасының күйзелісін көре алмаған Балалық дем..."Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
 Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
 Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
 «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына." ---- Өмірімнің соңғы күніне дейін Сенің үмітіңді ақтаумен, Сені бағумен жүремін, тек Жанымда болшы/.....Істеген ісімнен, сөйлеген сөзімнен, шығарған жырымнан әркім АНАМ атты жан-тәніме жақын есімді  ести, көре алмақ. - Анттық сипат, Махаббаты да ерекше. "Тәңірім кеше көрсін кесірімді. Аспанға жазам сенің есіміңді!!!" - Мұқағали атеизмдік бағытты ұстанбады. ҚОЛДАН КЕЛГЕНІМШЕ БАРЫМДЫ ЖАСАЙМЫН; БАРЫМДЫ АЯМАЙМЫН делінді  деп есептеңіздер...Анам-ау, Сізге қандай да бір қадамым ұнамай қалған болса, кешірім сұраймын. Балалық оң пиғылдың шегі жоқ...Есімің - Алла жолында мәңгі өшпес құдірет ...деп баға бергені...       "Шеше! Сен бақыттысың, тербете бер,  Құба талдан иілген бесігімді..." ---- расында, арман қуудан үзілді-кесілді бас тартқан, реалистік бағытты ұстанған,ғибратлы ойға бой ұрған ақиық Ақын бір-ақ өмір тіршілігінде Анасының мәңгі қасында болуын қалап еді....қалап еді....

PS - мәтінде қайталанған, не мағынасы жоқ сөйлем / сөз болуы ықтимал.Асығыстық танытып жаздым. Қандай да кемшілік болса, кешірім сұраймын.
Келіспестерін келістіріп, жетіспесін толықтырасың деген сенімдемін.
...