+2 дауыс
430 көрілді
Бір апам биолигияны терең оқып жатыр,  ал мен химия,ағылшын,китайский,арабский, би, домбыра, әдебиет , география ,гитара және дизайн саласын жақсы көрем. бірдеңелер құрастыру ,ойлап табу деген сияқты.  Бірақ шынына келгенде ешқайсысын толық білмейді екем, бірақ бір саламен кеткім келмейді, олармен сөз таластырғанда да мен көбірек білетін сияқтымын, қалай ойлайсыздар???

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ооо...адамның қолынан бәрі келеді. Мен де сіздің бағытыңызды қолдаймын! Өйткені, адам тек бір іспен ғана шұғылданбай әрбір істің дәмін татып көрсе, адамның ой-өрісі де кеңейеді, әрі өзгелермен әңгіме үстінде өзіңнің деңгейіңнің жоғары екенін байқайсың, және ешкімнен қалыс қалмай, өз ойыңды атап көрсете аласың, үндемей қалмайсың. Атақты ғалым Ломононсовты білетін шығарсыз, өзіңіз химик болсаңыз тіпті)) Сол кісі тек бір ғылыммен айналысып қана қоймаған, өзі химик, өзі суретші, өзі физик,өзі ақын, өзі тарихшы, өзі мұғалім болған) Бұдан кейін ойлай беріңіз)) Өнерді үйрен де жирен деген сөз бар емес пе?! Не де болса әр саладан хабарымыздың болғаны жақсы! Әр саланы енді тереңдете оқуға тырысыңыз, сонда тіпті күшті болып кетеді деп ойлаймын!
+2 дауыс
Менің ойымша бір ғана затпен емес,бірнеше затпен шұғылданғанды жөн деп санаймын
+1 дауыс
егер игере алсаң әрине жақсы уақыт тапшы болғасын біреу немесе екеуімен ғана айналысамын негізі біреуінің түбіне жеткен жақсы 10 нын шала білгенше 1 -уін таза біл
+1 дауыс
Менде сізге қосылам бір саламен айналысқанды ұнатпаймын сондықтан көп ізденем бірденңе ойлап таппасам, ерекше бірдеңе жасамаса отыра алмаймын қыздар биссер тоқыйды ғо менде қызығып роза гүлін жасап шықтым бірақ матаға емес кәдімгі тірі роза сияқты қылып содан кейін көбіне компьютермен Picasa деген бағдарламамен слайд жасаймын музыка қосып бейне клип сияқты болады айта берсем көп өз-өзімді оқытып жасап жүрмін бұндай жұмыстар жасарда қиялыма ерік беремін.
+1 дауыс
Иа, қарсы болғаныңыз дұрыс ше...Жамаааан жалқау болып жүрмін, әйтпесе басқа да ашылмаған қырларым жетерлік  <s>деп қояйын</s>
...