+5 дауыс
5.6k көрілді
Денеге сыздауықтар осы токсиндердің кесірінен шыгады дейді?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қаныңызды токсиндерден тазарту  денсаулығыңыздағы кінәраттың деңгейіне байланысты. Ал жай ғана күнделікті тазарту мақсатын көздесеңіз, онда шөптік дәрілер ішіңіз. Мәселен, дәріханаларда сатылатын қалақай (крапива), бақбақ (одуванчик), чистотел деген шөптердің қайнатпасын ішіп жүрсеңіз болады. Сосын қызылша мен клюкваның шырындары өте пайдалы деп естігем. Ал дәрілік емдерден бұрыннан белгілі венаға салатын гемодез жақсы көмектеседі. Аурудың түріне қарай қанды тазалайтын басқа препараттарды дәрігер тағайындайды ғой. Ал денеге сыздауық көбінесе денені суық жайлағанда шығады. Әрине, дәрілерді мөлшерсіз көп ішіп, интоксикация болғанда да дене терісінде түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Және кей адамдарда сыздауық сияқты жаралар бір рет шықса, бірнеше жерге қаптап шығады деп естігем. Мұндай жағдайда сыра ашытқысы (пивные дрожжи) өте жақсы көмектеседі. Оның дәріханада таблетка түрінде сатылатыны болады. Соны ішсеңіз сыздауық, т.б. теріге шығатын зиянды жаралардан құтыласыз. Өйткені оның құрамында амин қышқылдары, В және Д дәрумені, белок сияқты пайдалы заттар мен минералдар көп. Сыра ашытқысы (Пивные дрожжи)  ағзаны токсиндерден тазалайды, теріңіздің сау жүруіне ықпал етеді және шашты түсуден қорғайды. P.S. Мұның ішімдік сыраға қатысы жоқ.
+3 дауыс
Негізі қан ағзаға қажетті заттарды тасымалдайды. Қан плазмасында майлар, белоктар, көмірсулар, гормондар, витаминдермен қатар ағзаға қажетсіз заттар да болады. Әсіресе түрлі созылмалы аурулармен сырқаттанғанда қан құрамына токсиндер көбірек түседі. Сол токсиндерден арылмаса адам ауруынан түбегейлі айыға алмайды. Қанды тазартып тұрудың маңыздылығы осында.

Қазір біз қан орталығында емдік плазмаферез арқылы сырқаттанып келген адамның қанын токсиндерден тазартып беріп жатырмыз. Ол Америкадан келген «Гемонетик» деген автоматтандырылған жаңа үлгідегі заманауи аппарат арқылы іске асырылады.

Бұл аппараттың ерекшелігі – жарты сағаттың ішінде адамның 600 миллилитр қанын сүзгіштен өткізіп, тазалап, өңдейді де плазмасын алып қалып, қанды қайтадан өзіне құйып береді. Бұрын аппарат жоқ кезде оның бәрі қолмен жасалатын. Ол кезде әр кісіге бір жарым, екі сағаттай уақыт жұмсаушы едік. Қазір уақытты да үнемдейміз, әрі қанды бұрынғыдай қолмен айналдырып тазалап жатпаймыз, жұмыстың бәрін бір ғана рет қолданылатын медициналық жабдықтармен аппарат атқарады.
+1 дауыс

Ең оңай способ қанды тазартудың:

Азанда тұрғанда ештеңе ішпестен чеснокты шайнап сорасың, бірақ жұтып жеп қоймайсың, онда асқазаның ауыратын болады. Чесноктын бір долькасын ғана, бастапқыда аз-аздап бастайсың кейін 1 долькаға дейін көтеріп, 1 жыл бойы пайдалансаң қаның полностю жаңарады

...