Қаныңызды токсиндерден тазарту денсаулығыңыздағы кінәраттың деңгейіне байланысты. Ал жай ғана күнделікті тазарту мақсатын көздесеңіз, онда шөптік дәрілер ішіңіз. Мәселен, дәріханаларда сатылатын қалақай (крапива), бақбақ (одуванчик), чистотел деген шөптердің қайнатпасын ішіп жүрсеңіз болады. Сосын қызылша мен клюкваның шырындары өте пайдалы деп естігем. Ал дәрілік емдерден бұрыннан белгілі венаға салатын гемодез жақсы көмектеседі. Аурудың түріне қарай қанды тазалайтын басқа препараттарды дәрігер тағайындайды ғой. Ал денеге сыздауық көбінесе денені суық жайлағанда шығады. Әрине, дәрілерді мөлшерсіз көп ішіп, интоксикация болғанда да дене терісінде түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Және кей адамдарда сыздауық сияқты жаралар бір рет шықса, бірнеше жерге қаптап шығады деп естігем. Мұндай жағдайда сыра ашытқысы (пивные дрожжи) өте жақсы көмектеседі. Оның дәріханада таблетка түрінде сатылатыны болады. Соны ішсеңіз сыздауық, т.б. теріге шығатын зиянды жаралардан құтыласыз. Өйткені оның құрамында амин қышқылдары, В және Д дәрумені, белок сияқты пайдалы заттар мен минералдар көп. Сыра ашытқысы (Пивные дрожжи) ағзаны токсиндерден тазалайды, теріңіздің сау жүруіне ықпал етеді және шашты түсуден қорғайды. P.S. Мұның ішімдік сыраға қатысы жоқ.