қазақ халқымыз ару қыздарымызды әдемі сөздерімен керемет суреттеген,ал жігіттерді қандай сөзбен суреттеуге болады?

+2 дауыс
10.0k қаралым
қазақ халқымыз ару қыздарымызды әдемі сөздерімен керемет суреттеген,ал жігіттерді қандай сөзбен суреттеуге болады?
Тазалық Белгісіз

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Еңлік- Кебектегі сипаттау:

Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
Ел қамы үшін өлуге жанын салып,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Жауға батыл, жақынға және әдепті,
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.

Сонымен қатар кесек денелі , тығыншықтай, сүйкімді қара торы жігіт, сабырлы, биязы, өзін-өзі қай жерде болса да, қай ортада болса да ұстай білетін,  байсалды, шымыр, жіңішкелеу келген, ұзын қара шашты, дембелше денелі,өңлі, батыр, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз, түксиген қалың қабақты, қара көзді, қара мұрт жігіт, күлімдеп тұрған өңі жылы ----кете береді, кете береді...
+2 дауыс
Қазақ халқымыздың ару қыздарының Қыз Жібектің көркін былай сипаттаған екен ...
![description][1]
Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті.
Үш қызы бар қасында-ай,
Өзі он төрт жасында-ай,
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасында-ай,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында-ай.
Қыз Жібектің дидары -
Қоғалы көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң -
Нұр қызының шырағы,
Дүри гауһар сырғасын,
Көтере алмай тұр құлағы,
Бой нұсқасын қарасаң
Бектер мінген пырағы.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,
Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай,
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай.
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей.
Нұр тұқымын еккендей,
Екі ауыз сөз сөйлескен
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл Жібектің
Өлігіне адам қайырылып
Бетінен келіп өпкендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Ақылменен танып тұр,
Көз мейірі қанып тұр,
Бейіштен жанған шамшырақ,
Көзі жайнап жанып тұр,
Белі нәзік талып тұр.
Тартқан сымнан жіңішке
Үзіліп кетпей неғып тұр?


  [1]:
мен жігіттерді сұрап тұрсам сіз қызды сипаттап кетіпсіз ғой
кешіріңіз))
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы