0 дауыс
908 көрілді
1. Еділ мен Жайықты мақтап, елге, малға  жайлылығын суреттеген кім?
 2. Доспамбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Еділ, Жайық екі өзен,
Талсыз болар деймісің,
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің.
Ботакөзді бойжеткен
Жарсыз болар деймісің,
Абылай қонған кең қоныс
Елсіз болар деймісің.
Еркін жайлап қонған соң,
Малсыз болар деймісің,
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің,
Тебінген тепкі тиген соң
Терсіз болар деймісің.
Алқынған арын баспайтын
Өрсіз болар деймісің,
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің,
Орда тігіп орнаса
Төрсіз болар деймісің! (Ақтамберді)

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Кешетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..  (Асан қайғы)
...