+2 дауыс
13.4k көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: ...................................

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәл осы Сұраққа Бір Ағасы жауап беріп еді:     ---- Жоқшылық пен қиындықтың ортасында Өзің қалай пысық болғаныңды білмей қаласың... ---- деп.Әрине, рас. Алайда, дәл қазір Мен пысықтығымды қалай аша аламын ?!  
Тәжірибе. Пысықтық та тәжірибемен келмек. Қай салада, қандай жағдайда тұйықсың, қай кезде Іске көше алмайсың, соны анықтап - ІСКЕ КӨШУ ҚАЖЕТ. "Қорқыныштың көзіне қара" -демекші, бүгіннен, қазірден бастап ҚИМЫЛДАСАҢ етің де тірілмек, мінезің де ашылмақ. Не істей алмайсың - соны істе, не болмай жатыр - соны болғыз, не ретке келмеді - соны РЕТКЕ КЕЛТІР!       Өз ойым, әрине...)      Көп Адамда бұл қасиеттер тумысынан қалыптасқан. Солардың қатарында жоқпын. Бірақ БіРтІнДеП дамудамын десем, ойымды айтып бітірген боламын.
+3 дауыс
Өзінді ешкімнен кем санама ,ұялма
+5 дауыс
Пысық болу үшін - өз ісіңе  ширақ, белсенді болу керек, мақсатына деген сауаттылықпен талғампаздық, күш-қуаттыңды жігерлендіру керек. Әрбір ісіңді ойланып барып,араласуыңда , орынсыз шиеленіске бармау, істің бас-аяғын сараптау, уақытын текке есепсіз босқа өткізбеу, жұмысын айқын мақсатына орай жоспармен жүргізу міне ПЫсық адам!) Ақылдасқан іске ойланып, байыппен, сеніммен кіріседі, оның пайдалы жағын лезде ойлайды.
+1 дауыс
Осы сұрақ жайлы біраз ойландым, адамды Алла Тағала қалай жаратты, сол мінезімен жүре беретін сияқты, немесе тұқымқуалау мінезін жалғастырады!!!
+4 дауыс
Адам мына өмірде тіршілік кешіп жүріп, өмірді көрген соң пысық болатын секілді. Қашанғы  біреуден соққы жеп жүре береді, бір күні жай деген адамның өзі пысық адамға айналып кетеді, оны өмірдің аренасынан жиі көруге болады. Өз құқығыңды қорғай аласың ба-бұл сенің пысықтығың, өзіңе тиесілі нәрсені өзің ала аласың ба-бұл сенің пысықтығың. Тұқымқуалаушылықтан қанша жай болсаң да, өмірді көру арқылы пысық бола аласың! Шешімдер қабылдау кезінде, өз құқығың тапталған кезде, орнына келтіре алсаң пысықтығың!--деп ойлаймын да)
...