0 дауыс
10.9k көрілді
Соңғы кезде "қазақ" сөзін әр кім әр түрлі түсіндіріп жүргенін байқаймын. Біреулер "қайсақтан" шыққан десе, келесілер бұл сөздің төркінін "қас сақ" деп жүр. Тіпті "ақ қаз" деген тіркеспен байланыстыратындар да бар екен. Ғылыми түрдегі нақты нұсқасының қайсысы екенін кім біледі? Дәлелмен жауап берсеңіздер екен.
"Қазақ" сөзінің тарихы қайдан бастау алады?

3 жауап

0 дауыс
Көп айтылды, көп талқыланды....  [Абай.Kz-e][1]      т.б...




Дегенімен, Өз басым Уикидегі мәліметке арқа сүйеймін. ---->

>>Қазақ<< сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. [Толығырақ.][2]


  [1]: http://abai.kz/node/3521
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_(этноним)
0 дауыс
Чех ғалымы Б.Грозный "Қасахи", "Касак" десе, қытай деректерінде "Каса", Хаса" делінген. Бұдан басқа бірнеше ғалымдардын еңбектерінде кездеседі. "Қазақ" терминін ерте заманға апарып тірегін әйгілі ғалым А.Н.Бернштам болды. Ол "қазақ" сөзі жайындағы В.В.Радловтың, Г.Вамберидің, В.В.Бартольдтің, А.Н.Самойловичтің, Н.Я.Маррдың, тағы басқалардың пайымдауын талдай келіп, "қазақ" сөзінің шығу төркіні мен қазіргі мағынасын екі дәуірге бөле қарайды. Яғни, "қазақ" деген сөздің түп-төркіні ежелгі замандағы каспи және сақ тайпасының бірігуінен пайда болған десе, ал "қазақ" сөзінің қазіргі мағынасы ("еркін адам", т.б. дегендер) кейін шыққан ұғым деп тұжырымдайды.
0 дауыс
Бұл әлі толық зерттелмеген. Ғалымдар өздерінің әртүрлі пікірлерін айтады, қайсысы шын, қайсысы жалған екенін анықтау қиын.
...