+2 дауыс
2.2k көрілді
Ертеңге әдебиетке керек еді...

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мақтау мен сөгіс

Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,
Бәрібір сен де елірме дуанасың.

Дос мақтасса, не пайда онан саған,
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?
Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса,
Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?

Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе?
Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын,
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.

Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,
Дұшпан мақтар елірте бермек үшін.
Есептемей есірік елің мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.

Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік
Жол тап-тағы ақылды солай айда.

Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін,
Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.

Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы,
Мін болмайды наданның қорламағы.
Білімділер сөгерлік ісің болса,
Жоғалта бер, айласын ойла-дағы.

Түйіп айтқан талассыз мақтау, боқтау,
Жақсы іске — ындын, зиянға салар тоқтау.
Көп наданның сөзімен құйқылжысаң,
Сен де жында боласың есі жоқтау!

Барлық өлең жолдарын жаттау қиын болса, өзіңізге ұнаған шумақты жаттауыңызға болады)
Іске сәт, Төрехан!)
Көп рахмет!)
+2 дауыс
Шәкәрім атамыздың барлық өлеңі ұнайды... оптималды нұсқа ретінде "Ақындарға" өлеңін жаттауға кеңес беремін. Ұзын да емес, қысқа да емес, тілі жеңіл, ал Жігіттің "орындауында"  5+ бағасына лайық жыр саналар. Кезінде, қайдам, 2-жыл бұрын осыны жаттағам.  Ырғақты, орташа темппен айтсаң жақсы шықпақ. Сәттілік.

Ақындарға

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
 Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
 Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,  
 Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.
 Қауымның қалауына тап келгендей,
 Болғанын, болашағын айт көргендей.
 Керістен тартып жырды жебелі оқтай,
 Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.
 Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
 Өлеңмен өміріне сән бергендей.
 Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
 Оятсын ойкүйезді жан бергендей.
 Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
 Сырты - гүл, жарасымды, ішінде сыр.
 Жаныңның ләззат алар жарығындай,
 Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.  
 Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
 Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
 Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,
 Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.
 Арыңның болсын өлең айнасындай,
 Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
 Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
 Арынды асқақ өзеннің арнасындай.
Үлкен рахмет!)
–1 дауыс
Шәкәрім Құдайбердіұлы → Еңлік-Кебек



 Еңлік-Кебек

    Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмытпаса.
Ақыл деген - денеге егулі дән,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп зораймағы -
Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.
Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,
Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.
Ақылдың кей іс жауы, кей іс досы,
Бұл екі істен болмайды өмір босы.
Досыңды жау, дұшпанды дос көрсетіп,
Көзді байлап нәпсінің қылғаны осы.
Қалмақ жеңіп, қазақтан алған кегін
Қалқаман қиссасында жазып едім.
«Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл
Ақтабан шұбырынды болды»-дедім.
Сырдан қалмақ қуған соң біздің елді,
Күні-түні шұбырып Шуға келді.
Табан тиіп жүре алмай, халі құрып,
Сұлап жатты айнала Саумал көлді .
Сонда Шақшақ Жәнібек сөз сөйлепті:
«Балалар! Осы жолды ұмытпа,- депті,
«Ақтабан шұбырынды» - мұның аты,
Құдай қосса, алармыз біз де кекті!»
Сол жерде тамам қазақ жыласыпты,
Құдайдан «артын бер» деп сұрасыпты.
Тыныққан соң қалмақтан кек алуға,
Сөз байлап уағдамен ұнасыпты.
Арғындар сол көшкеннен көше берді,
Батырлары жер шалып, қоныс көрді.
Есіл, Нұра, Сарысу, Қарқаралы,
Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді.
Орнығып қалың арғын сонда қалды,
Жеті момын олардан өте салды.
Ор, Елек, Ойыл, Қиыл қыстамақ боп,
Жаз жайлауға Мұғаджар тауын алды.
Кіші жүз өте көшті Орал жаққа,
Әбілқайыр хан еді мінген таққа.
Мың жеті жүз отыз бір шамасында
Орысқа уағда берген қарамаққа.
Соны естіп Жеті момын қайта ауыпты,
Орыстан көреміз деп бір қауіпті.
Мұғаджардың күншығыс жағына өтіп,
Ырғыз, Торғай дейтұғын жер тауыпты.
Сол жерде жайлап, қыстап жатып алды,
Қалмақтан барымталап жиды малды.
Ұлы жүзде үлкен хан Әбілмәмбет
«Қалмақпен соғысам» деп хабар салды.
Орта жүзден де аттанды Сәмеке хан,
Үш жүзден жиылыпты бірталай жан.
Шеп құрып қара-қарсы соғысқанда,
Қазақ жеңіп, қалмақтан кегін алған.
Сол соғыс - хан Абылай келген кезі,
Қалмақтың сыбағасын берген кезі.
Керек болса оқыңдар шежіремнен,
Жазылған сонда анықтап түгел сөзі.
Сонан кейін қалмақты қазақ қуған,
Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.
Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында
Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.
Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан,
Нұржайсаң, Шәуешектен өте қашқан.
Ата қоныс - Арқаны босатып ап,
Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.
Қалмақты шабысуға Мамай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.
Барған соң Жеті момын жақсысына,
«Хан Шыңғыс босады» деп хабар берген.
Момынның жартысы айтқан «барамыз» деп,
«Ата қоныс Шыңғысты аламыз» деп.
Атығай, Қарауыл мен Бәсентиін
Көшпепті «біз осында қаламыз» деп.
Туысқанын қия алмай, «жүр, - деп, - сен де»,
Көп айтқан Кеңгірбай мен Қараменде .
Бос тұрған соң Шыңғысқа Матай қонған,
Біздің ел әне-міне деп жүргенде.
Тобықты, Қанжығалы көшкен сонда,
Өзге Момын көше алмай қалған онда.
«Шыңғысты Матай алды» дегенді естіп,
Қанжығалы қалыпты орта жолда.
Келгені Тобықтының осы маңға
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда,
Елді бастап әкелген Мамай батыр
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
Әр топта да батыр бар некен-саяқ,
Сүйтсе де батыры көп Жуантаяқ.
Қырды алып, Бөктерге таласыпты,
Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.
Қабекең де өрлепті Шидің бойын,
Шөбі шүйгін жер ғой деп малға тойын.
Кейде жау боп Матаймен, кейде бітіп,
Есі-дерті - Шыңғыста, айтпайды ойын.
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,
Оқығандар, байқадың оның сырын.
Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағы сынап көріңіз мұның түрін.
Ту тіккен Тобықтының қос басшысы -
Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.
Жамағайын жақыны сол кісінің
Бар екен Кебек деген бір інісі.
Ол Кебек мықты болған жас басынан,
Тоқаң да тастамайды өз қасынан.
«Жасы бала болса да, жаны отты» деп,
Артық көріп не сабаз жолдасынан.
Осы дастанды ертеңге дейін жаттап жаттап үлгере ме Төрехан. Сәл ойланып жауап беру керек қой,көшіріп қоя бергенше.
+1 дауыс
<span style="color: rgb(128, 0, 128);"><span style="font-size: 16px;"><span style="font-family: tahoma,geneva,sans-serif;"><em>

кайсысы күліп қарайды соны жаттасай.......................
----------------------------------------------------------

</em></span></span></span></p>
Құдай қаласа бәрін жаттап алармын! Бірақ менің сыныптастарым ақын емес қой деп, Мөлдірдің жазғанын алдым.)
0 дауыс
Адамдық борышын өленің жатташиш
Жаттайын биш?! Тауып берсиш!
...