+1 дауыс
1.1k көрілді
қай кезде өзіңіздің жолыңыз болды деп есептейсіз?

керсінше сұрақ, соңғы рет қандай оқиғада жолыңыз болмады...

менің осы күнге дейін жолым болмай келген сияқты сезініп отырмын, барлығын ойлап қарасам... әттеген-ай дейтіндерім көп... әттең... мен болашақта жарқын өмір күтіп тұр деген оймен өмір сүрудемін... асып бара жатқан ешқандай қайғым жоқ, Аллаға шүкір, бауырларымның, ата анамның ортасындамын, барлығы да таршылық етуде бірақ,  үлкен әлемге симай жүрмін...

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мынадай сөз естіп ем, адам болашағына қатты мән беретіні сонша, өткенінде де, қазір де, болашақта да өмір сүрмейді  деген... Әрине, болашаққа үмітпен қараған жөн, ол алға жол сілтейді, бірақ ең  бастысы бүгінгі өмір екенін де ұмытпаған жөн. Өзімді жолы болғыш деп те айтуға болады. Көп сәтте оңай құтылып кететін секілдімін. Үлкен бауырларым, әке-шешемнің көрген қиындықтарын көрген жоқпын. Жолым болды, өйткені әкем мен анамның еркесі болып, олардың жақсылығын көріп, мейіріміне бөленіп өстім! Жолым болды, өйткені, мектепте де, жоғарғы оқу орнында өзімнің жолымды тауып келемін! Жолым болды, өйткені айналамдағы адамдардың, достарымның барлығы тамаша жандар) Үнемі тілген тілектерім(шүкір дейін) қабыл болып жүр. Өмір деген бәрібір мәңгі емес қой, сонда да барлық жақындарыңды қасыңа байлап жүргің келеді... өз өмірімде бәрі өз орнымен болып жатыр, ешқашан жолым болмады деп айтқым келмейді! Менің жолым болды, болып жүр, бола бермек )-деп қояйын! Бірнәрсе болмай қалса, жолым болмады деп қапалануға болмайды ғой. Кейде көп адамның ішінде жүріп, жалғыз қалатын кездер болады, өзіңнің ішкі жан-дүниеңмен арпалысып, ешкім сені түсінбейтіндей, мына дүниеде бос жүргендей көрінетін. Ол сәтте жалғыз қалып, ендігі жолы олай қайтталанбас үшін ертеңгі күні өзімді қалай ұстауым керек дегендей ойлаынып, біраз жоспар жасаймын, менен үміт күтетін жандар бар екенін есіме түсіремін, сосын сабырға келіп, бәрі жақсы болатынына өзімді сендіремін)
Құттықтаймыз! Сіздің Cұрақ және Жауап сайты сайтындағы жауабыңыз ең жақсы жауап деп белгіленді  осылай жауап бермесен Тоғжан Тоғжан бола ма))) *Токи*))
Жақсы жауап сөзбен емес, іспен көрсетілсін онда))), қане!!!
+2 дауыс
Менің ең бірінші сәттілігім мемлекеттік грантты жеңіп алғаным болды. Ал өкінішімде, қуанышымда көп кең дүниеге сыймай кететін кездер менде де болады.
–2 дауыс
Ең басты жолымның болған кезі мың теңге тауып алғаным!!!(rofl)
өмірдің қызығы ақшада емес бауырым
Мен сені тусінбедим, сұрақта жолыңның болған кезі делінген. Маған ақыл айтпа. Мен тек сұраққа жауап бердім!
ай ай ай ай ай... қасықтап жинаған абыройымды 1-2 күнде шелектеп төктім ау....... :смех от души:
...