Тек шымкенттік өнер иелерін хас таланттарға телу қисынсыз. Дұрысы - өнер жұлдыздарының дені Шымкенттің түлектері деу керек. Әрине, біздің Атыраумен салыстырғанда Шымкент мәдениет ордасы саналатын Алматыға таяу, тиісінше мүмкіндік те мол. Ақтаудан шыққан "Каспий" кімнен кем? Оларды талантсыз деуге кімнің дәті барады??? Әншінің қаптап кеткені - "әу" деуге жарайтындардың нәпақа іздегендегі түрлері. Көбейсе көбейе берсін, халық солардың ішінен өзіне керегін сұрыптап алады. Таңдаудың көп болғандығы қашан да сапалы дүниелерді анықтауға жол ашады.