+2 дауыс
496 көрілді
Егерде ливия еліндегіндей біздікінде де көтеріліс басталса, онда бұдан бізде қандай салдар күтіп тұр деп ойлайсыздар7

(тфу-тфу, құдай бетін аулақ қылсын, бізде ондай болмай-ақ (ондай жағдай болмайды) қойсын, бірақ менде осындай ой туындайды да тұрады)

2 жауап

0 дауыс
Озбектер таяк жид!!!!!
+1 дауыс
Төңкерiстен қорыққан авторитарлық режимдер сырттан келетiн әскери күштi қорған тұтпақ!!!

86-НЫҢ СОЙҚАНЫН ЕСКЕ АЛЫҢЫЗ
Таяуда Қазақстанда Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымының (ҰҚКҰ) саммитi өттi. БАҚ-та жарық көрген ақпаратқа қарағанда, бiрнеше мемлекет жетекшiсiнiң басын қосқан отырыстың негiзгi тақырыбы араб елдерiндегi төңкерiс сабақтары болды. “Араб көктемi” бiздiң елдерге де келiп жетпей ме? Онымен қалай күресемiз? Өз режимдерiмiздi халықтық төңкерiстерден қалай сақтаймыз?” деген сұрақтар ҰҚКҰ елдерi жетекшiлерiне маза бермесе керек. Бұл сұрақтың шешiмiн Беларусь президентi Лукашенко тауып бергендей болды бәрiне.
 
Дәлiрек айтсақ, ол былай дедi: “Әрине, ашық майдан, соғыс ашып, бiзге қарсы ешкiм келе қоймас, бiрақ, Конституциялық төңкерiс жасап, билiктi басып алуға қолы қышып отырғандар жетiп артылады. Сондықтан бiз ҰҚКҰ елдерiнiң тұрақтылығын қорғауымыз керек. Кремль бұл идеяны қолдады және оны жүзеге асыруға келiсiмiн бердi”. Яғни, бұдан былай Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Тәжiкстан мен Өзбекстан кiретiн ұйым әскерi сол елдердегi билiктi халықтан қарумен қорғайды деген сөз. Бұған қарсылық бiлдiрiп, ондай келiсiмге қол қоюдан бас тартқан жалғыз мемлекет – Өзбекстан (Әндiжан оқиғасынан соң Ислам Кәрiмов өз билiгiн өзi қорғай алатынына көзi жетсе керек). Ал қалғандары бас шұлғып, осыған келiсiм бергендей болды.
Егер Лукашенконың ұсынысы қабылданып, оны ұйымға мүше елдердiң басшылары ресми түрде рәсiмдесе не болмақ? Әрине, оның нәтижесi сұмдық болары сөзсiз! Бiрiншiден, билiк қандай да толқулардың шығатынын сезсе, Ресейдiң немесе басқа елдiң әскерiн шақырып, елдегi бас көтерудi қанмен басып-жаншуға мүмкiндiк алады. Бұл жоғары билiк өкiлдерiне ақталу үшiн де жақсы. Халық көтерiлiсiн “лаңкестiк топтардың әрекетi”, “дұшпан елдердiң арандатуы, тәуелсiздiкке қол сұғуы” деп қаралап, оны аямай қанға бөктiрсе де, “мұны жасаған бiз емес, одақтас елдердiң әскерi асыра сiлтедi” деп ақталуға да жағдай туады деген сөз. Айталық, дәл қазiр Маңғыстаудағы жағдай шиеленiсiп тұр. Өз талаптарын орындауды сұраған мыңдаған мұнайшы Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында ереуiлдеп тұр. Билiктiң халық тiлегiне мойынұсынбауы, оған назар аудармауы елдiң наразылығын тудырып, текетiрестi күшейтуде. Егер бұл мәселе бейбiт шешiлмесе (билiк халықпен келiсiм орнатпаса), арты қандай жағдайға соқтырары белгiсiз. Мiне, осындай қауiп-қатер төнсе де бiздiң билiк өзге елдiң әскерiн шақырып, халыққа қарсы күш қолдана ма сонда?! Әбден мүмкiн.
Екiншiден, бұл – жоғары билiктiң қорыққандығының белгiсi. Араб елдерiнде әскерилердiң басым көпшiлiгi халық жағына шығып, диктатураға қарсы тұрды. Яғни, әскер мен полиция өз халқына қарсы оқ атудан бас тартты. Осыны бiздiң билiк пен басқа да диктаторлар көрмей жүр ме? Әрине, көрiп, түсiнiп отыр. Жергiлiктi әскерилер халық жағына өтсе не болмақ? Онда авторитарлы билiк құлайды деген сөз. Оның үстiне, жергiлiктi әскерилердiң өз халқына жауыздық жасамауы бек мүмкiн. Ал сырттан келген әскерилер өзге елдiң халқын аяй ма? Жоқ, әрине! 1986 жылғы көтерiлiстi еске алыңыз. Сонда қазақ жастарын аяусыз қырған кiм едi? Ресейден келген әскерилер. Қазiр де халық көтерiлiп, диктатураға қарсы бас көтерсе, өзге елдiң қарулы күштерi қарапайым халықты қынадай қырмасына кепiлдiк жоқ. Осы арқылы авторитарлы билiк халықты әбден қорқытып, оны бұдан былай бас көтермейтiндей жасамақ ниетi айқын аңғарылады.
Үшiншiден, бұл демократиялық құндылықтарды ұлықтап, диктаторларды тақтан тайдыруға тiкелей ықпал еткен Батыс елдерiне көрсетiлген сес болса керек. “Сендер халықты қаруландырып, оны қолдасаңдар, бiз бiрiгiп сендерден қорғанамыз!” деп белгi берген сияқты ТМД диктаторлары халықаралық қауымдастыққа. Бiр сөзбен айтқанда, осындай ұсыныс бiлдiрген диктаторлар қалың жұртшылыққа өз билiгiн сақтау үшiн ештеңеден де тайынбайтынын айқын көрсеттi.
Лукашенконың идеясын (бұл тiкелей Беларусь президентiнiң ғана емес, ұйымға мүше елдер басшыларының ортақ мәмiлесi болуы мүмкiн) басқа басшылардың бiрден қолдары сөзсiз. Бiрақ оның арты үлкен қауiп екенiн бүгiннен түсiнген абзал. “Конституциялық төңкерiстен” қорғамақ болып келген жат жұрттың әскерi елге кiрген соң одан кете қоймасы тағы түсiнiктi. Яғни, бұл елдi тәуелсiздiктен айырудың төте жолы деген сөз. Тағы бiр жағынан алғанда, диктатордың билiгiн сақтап, оны халықтық төңкерiстен құтқарған мемлекет “бұдан былай бiзге бағынасың! Әскердi де елден әкетпеймiз!” десе, оған қарсы не уәж айта алады? Айта алмайды. Демек, сол елдiң боданына түсiп, тәуелдi мемлекет атанады.
Егер халық көтерiлiп, авторитаризмге шынайы қарсылық танытса, онда ешқандай әскердiң де бұл толқынды тоқтатуға қауқары жетпесi анық. Оны тарихтың өзi бiзге дәлелдеп, көрсетiп бердi. Ал диктаторлық елдер басшыларының бұл әрекетiн қалай бағалаймыз? Бұл, әрине, өз халқыңа қарсы шығудың, оны қанға бөктiрудiң тiкелей жолы. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымынан әлденеше есе мықты НАТО тәрiздi әскери одақ бар әлемде. Неге олар “бiз бiр-бiрiмiздi сыртқы жаулардан ғана емес, өз халқымыздан да қорғаймыз!” деп айтпайды? Себебi, халыққа қарсы қару көтеру, оның үстiне, өзге елдiң әскерiмен наразылықты басып жаншу – қылмыс екенiн олар жақсы түсiнедi. Егер халық наразылық танытып, басшының кетуiн талап етсе, демократиялық ел үшiн бұл қиын емес. “Билiктi қарумен қорғаймыз!” дейтiн ұстаным жоқ оларда. Яғни, ҰҚКҰ мүше мемлекеттер осындай келiсiмге қол жеткiзсе, онда бұлардың авторитарлы сипаты тағы да айқындалады деген сөз.
 


Жанболат МАМАЙ

Ұқсас сұрақтар

...