+2 дауыс
15.6k көрілді
Маған сәнді көйлек туралы толық керек еді, оның қандай түрлері бар, мақсаттары, оны модельдеу, міндеттері ..?!

2 жауап

+3 дауыс
Биылғы маусымның ажары – ашық түс
Сән үлгісін жасаушыларды күңгірт түстер де әбден мезі еткенге ұқсайды. Сондықтан, биылғы жылы олар ашық түстерге аса мән беруге тырысыпты. Енді бұрынғыдай классикалық үлгідегі ашық түске қара түсті араластыруға мүлдем болмайды. Яғни, ақ түс тек қана ашық түспен үндестік табуы қажет. Мысалы, «Blumarine» сән үйі ұсынған үлгілерде ашық түсті етекше (юбка) ақ кеудешемен (кофта) және аппақ сөмкемен жақсы үйлесім тапқан. Сәнгерлерге де осы түстер ұнап қалған болуы керек, олар енді аяқ киімді де ақ түстен таңдап киюді ұсынып отыр.
Сондай-ақ, биылғы жазда ашық, ала түсті және ешқашан сәннен қалмайтын ақ, қара түсті көйлектер де сән төрінде. Сондықтан, аты аңызға айналған Коко Шанель ұсынған қара көйлектердің әлі күнге сұлулардың киім ілгішінен табылатынына күмәніңіз болмасын.
Жалпы, биылғы жылы сары, күлгін түстер де алдыңғы орында екені есіңізде болсын.
Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі…
Биылғы жылы тар джинсылар да сәннен қалмайды. Бұл шалбарлардың қайталанбас әйел образын бейнелеуде негізгі қызмет атқаратын киімдердің бірі болмақ. Тек оның үстіңгі жағына үйлесімді киім таңдай білуді де естен шығармаңыз. Мұндай киімдерге жемпір де, тоқылған кеудеше де, кең кофта да жатады.
Сәнде, сондай-ақ, әмбебап киім үлгілері де бар. Мәселен, костюм немесе кеудешемен ашық сары түсті, арты сәл ашық кофта кисеңіз, ыңғайлы кеңсе киімінің үлгісі шығады.
Мини (қысқа) киімдер биылғы сәннен де қалған жоқ. Оған юбка немесе шолақ шалбарыңызбен әдемі кофта киіп, сәнді шарф тағынсаңыз, әлдеқайда тартымды болып көрінеріңіз анық.
2011 жылдың сән үлгілерінде кофталар мен туникалар да кең таралған. Бұларды қысқа қонышты, металл өкшелі етік немесе бәтеңкемен толықтыруыңызға болады.
Сән әлемінің биылғы жаңалықтарының бірі – кеудеше-шарф. Алдынан қарағанда сәнді кеудеше ретінде көрінетін бұл киім арқа жағынан иығыңызды жауып тұратын кең шарфқа айналады.
Стильдерді араластыру арқылы сәнді де мәнді киініп, айналаңыздағылардың назарын өзіңізге аудара аласыз. Мұның бәрі өз талғамыңызға сай орындалады. Тек тым артық кетпесеңіз болғаны.
Аяқ киім мен сөмке
2011 жылдың жазында ыңғайлы, ашық және қою түстер араласқан аяқ киімдер мен сөмкелер сәнге еніп отыр.
Ал, елден ерекшеленгіңіз келсе, тропикалық түстерге бай аяқ киімдер мен соған сәйкес сөмкелер сатып алуыңызға болады. Бұл экзотикалық реңдер біршама қою қоңыр түспен көмкерілген.
Күміс және алтын түстер де сәннен қалған жоқ. Егер жылан, қолтырауын терісінен тігілген аяқ киім киіп шықсаңыз, көпшіліктің назарын өзіңізге бірден аударатыныңызға еш шүбәңіз болмасын.
Бүгінде қыз-келіншектер ұнатып киетін қайықша тәрізді (лодочка) аяқ киім мен «балеринкалар» да өз сүйкімділігін биыл да жоғалта қойған жоқ. Ал, енді біреулердің «сүйіктісіне» айналған платформа туфлилер де биылғы маусымның хиты.
Ал, сән үлгілерін жасаушылар шілденің аптап ыстығында «капри» стиліндегі ашық бәтеңкелер киюді ұсынады.
Сондай-ақ, сөмке, белдік, орамал, түрлі әшекейлер – биылғы сәннің негізгі белгілері. Бұл маусымның ең сәнді сумкасы – бахромалы сумка болып табылады. Сәнгерлер бұрыннан келе жатқан үлкен сөмкелердің биыл да сәнқойлардың көңілінен шығатынына сенімді.
Сәннің ең соңғы штрихтары – әшекейлер
Биылғы жылы әшекейлер де назардан тыс қалған жоқ. Бұдан былай әшекейлерді көйлекке сай етіп таңдамай, көйлекті әшекейге лайықтап іздейтін боласыз.
Биыл неғұрлым көлемді әшекейлер сәнге енуде, сондықтан, кішігірім әшекейлеріңізді сандықтың түбіне жасыра тұрып, көлемділерін іздегеніңіз дұрыс.
Әшекейлер алдымен құлағыңыздан басталады. Сондықтан, құлағыңызға үлкен сырға тағудан тартынбасаңыз да болады. Бұдан соң білезіктер мәселесіне назар аударыңыз. Қолыңызды шынтағыңызға дейін білезіктермен толтыруыңызға болады, тек олардың бәрі де бірыңғай болсын.
Сондай-ақ, сәнге әдемі, үлкен түйреуіштер (брошь) де енді. Мұндай әшекейлер бұрын да сәннен қалмайтын. Сәннің соңғы штрихтарына жататын әдемі брошьтарды көйлегіңізге, костюміңізге, бас киіміңізге түйреп алыңыз, тек біреуден артық тағудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, олардың стиль жағынан сәйкес келуін де қадағалаңыз.
Кей кездері сәнденудің жөні осы екен деп, көптеген қателіктерге ұрынып жатамыз. Көп алдында ыңғайсыз жағдайда қалмас үшін сәнге қатысты біраз жайттарды есте ұстаңыз.
1. Мойныңыз бен кеуде тұсыңызды және оқтай түзу әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсету жарасымсыз. Ашық декольте мен миниді (қысқа) қатар кию сіздің сәннен бейхабарлығыңызды көрсетеді.
2. Джинсы немесе юбканың ішінен колготкилер (шұлықтар) мен түрлі сызықты шұлықтар киюге болмайды. Егер күн салқын болып жатса, онда сызықтары білінбейтін шұлықтар киюге тырысыңыз.
3. Сүйретпе аяқ киімдерді (босоножки, шлепки) ешқашан шұлықпен кимеңіз. Жалпы, капрон шұлықтардың бас жағының тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз болып көрінеді. Сондықтан, капрон шұлықты басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз жөн.
4. Қазіргі кезде арзан бағаға D&G топиктерін алуға болады. Үлкен жазулары бар топиктерді киген кезде өзіңіздің жасанды киімдерге деген қызығушылығыңызды көрсетіп аласыз. Сондықтан, мұндай киімдерге көп әуес бола бермегеніңіз дұрыс.
5. Шолақ шалбар немесе шортыны өкшелі немесе өкшесіз туфлимен ғана киеді. Ал, бұларды кроссовкамен кию әбестік. Өйткені, мұндай аяқ киім аяқтарыңыздың әдемілігін көрсете алмайды. Егер аяқтарыңыздың ерекшелігін көрсеткіңіз келсе, тек қана нәзік аяқ киімдерді таңдаңыз.
6. Жылтырағы көп киім киген кезде ең бастысы- шектен шықпау. Сондықтан, жылтырақ суреті бар топик киген кезде аяқ киіміңізде жылтырақтың аз болуын қамтамасыз етіңіз. Сондай-ақ, жылтырақ білезік, сырға, көзілдіріктерден де бас тарта тұрғаныңыз жөн.
СҰЛУ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?
Ендеше, мына қарапайым қағидаларды есте ұстаңыз:
1.Күн көзінен аулақ болыңыз. Күнге күюге әуестену теріні қартайтады. Егер
теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, жастығыңызды кем дегенде 10 жылға ұзартасыз.
2.Ұйқыңыз әрдайым қанық болсын. Ұйқы 8 сағаттан кем болмауы керек. Жұмысыңыздың көптігіне, уақытыңыздың аздығына қарап, ұйқыңызды шектемеңіз.
3.Тамақты шақтап жеңіз. Аш та жүрмеңіз, тамақты көп те жемеңіз.
4.Дене салмағыңызды қадағалап жүріңіз. Егер салмақ жинай бастасаңыз, сыртқы келбетіңіз өзгеріске ұшырайды.
5.Су ішуді әдетке айналдырыңыз. Әрбір күніңізді бір стакан таза су ішуден бастаңыз. Суды аз-аздан, ұрттап ішуге тырысыңыз.
6.Жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтай біліңіз. Стресс – ерте қартаюға себепші. Сондықтан, барлық нәрсеге жеңіл қарап, жүрегіңізге жақын алмаңыз.
7.Өз жұбыңызды табыңыз. Махаббат – жастықтың нағыз емі.
8.Жұмысыңызды сүйе біліңіз. Жұмыс істейтін адамдар өздерінің жұмыс жасамайтын құрдастарынан шамамен 5 жасқа жас көрінеді.
9.Хоббиіңіз болсын. Бимен, өлең оқумен, тамақ пісірумен, саяхатқа шығумен, сурет салумен айналысыңыз.
10..Жиі күліңіз. Үнемі күліп жүретіндер сирек ауырады және аз шаршайды. Өмірде күліп жүру үшін достарыңызбен әзілдесіңіз, күлкілі фильмдер қараңыз.
11.Ұдайы қозғалыста болыңыз. Спортпен айналысыңыз, жаяу жүріңіз.
12.Миыңызды жаттықтырыңыз. Шет тілін үйреніңіз, сөзжұмбақтар шешіңіз, зерделі ойындар ойнаңыз. Бұлардың бәрі қартайғанша ақылыңыздан алжаспауға көмектеседі.
Осы қағидаларды бұлжытпай орындасаңыз, сізден жас, әрі сізден әдемі әйел болмайтынына сене беріңіз.
0 дауыс
http://www.zhar-zhar.kz/svadebnye-salony.html мына жаққа өтсеңіз той көйлегін және той киюге болатын көйлектер салондары арқылы көре аласыз. Ішінде, суреттері де бар
...